2020 жылғы 06 қарашада Жамбыл облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы Қордай ауданының әкімі және Жамбыл облысы, Қордай ауданы әкімдіктерінің басқа да өкілдерімен бірге БҚПҒЗИ РМК-ына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында БҚПҒЗИ РМК қызметкерлері үшін 60 пәтерлі үй салу процесі қаралды. Сондай-ақ, БҚПҒЗИ РМК қызметкерлеріне арналған 2 және 3-үйлердің құрылысын келісу мәселелері көтерілді.

 

 

Бұдан әрі, Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың назарына «ҚР БҒМ ҒК БҚПҒЗИ-да тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттарды шығару жөніндегі биофармацевтикалық зауыттың құрылысы» жобасы бойынша құрылыс алаңы ұсынылды. «Ка-Строй ЛТД» ЖШС құрылыс компаниясының басшылығы құрылыстың ағымдағы процесімен таныстырды, сондай-ақ биофармзауытқа арналған жабдықты сатып алу процесі туралы хабарлады.

Жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаев әкімдіктердің, құрылыс компанияларының, жобалаушы компаниялар мен БҚПҒЗИ РМК жекелеген өкілдеріне бірқатар тапсырмалар берді.

By admin