ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕ COVID-19 ВАКЦИНАСЫНЫҢ БІРДЕН БЕСЕУІН ӘЗІРЛЕЙТІН АЛҒАШҚЫ ЕЛ БОЛДЫ. QAZCOVID-IN АЛҒАШҚЫ ОТАНДЫҚ ВАКЦИНАСЫНЫҢ ЖАППАЙ ӨНДІРІСІ СӘУІР АЙЫНДА БАСТАЛАДЫ. ОНЫ СЫНАУШЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДА – ҒАЛЫМДАРДЫҢ ӨЗДЕРІ ЖӘНЕ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ БАР
Нұр-сұлтан, 27-ші ақпан — Sputnik. QazCovid-In алғашқы Қазақстандық вакцинасының жарық көруі – бастапқы партияны шығару 2021-ші жылдың сәуіріне жоспарланған. Әзірге оның сынақтары жүріп жатыр – үшінші кезең, ал бір жарым айдан кейін отандық ғалымдар препараттың алғашқы 50 мың дозасын шығаруға дайын. Қазақстандық биологтардың мақтанышы туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыздар.
Қазақстандық биолог-ғалымдардың бірінші кезектегі міндеті – өз отандастарын антиковидті вакцинамен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта институт аумағында вакцина шығаратын өндірістік алаң құрылуда.
«Болашақта вакцинаны экспорттау жоспарлары бар, бірақ та бұл ішкі нарықты толық қамтамасыз еткеннен кейін ғана», – деді вакцинаны әзірлеушілердің бірі, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Әбдірайымов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Қазақстандық вакцина қалай жасалды
QazCovid-In вакцинасының атауы «Қазақстан, ковид, инактивацияланған» дегенді білдіреді. Оны биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья ойлап тапты. Қазақстандық вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары 2020-шы жылдың мамыр айында — республикамызда коронавирустың алғашқы жағдайлары анықталғаннан кейін екі айдан соң басталды.
2020 жылдың қыркүйегінде мамандар клиникалық зерттеулер кезеңіне шықты. Қазір вакцина Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің уақытша тіркеуінен өтті. QazCovid-In-ге тұрақты тіркеу клиникалық сынақтар аяқталғаннан кейін беріледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық әзірлемеге кандидат вакцина мәртебесін берді. ДДҰ сайтында клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтетіні туралы ақпарат бар.
«Өлтірілген» вирус
Қазақстандық ғалымдар инактивтелген вакцинаның пайдасына өз таңдауларын жасауы тегін емес. Оның құрамында – химиялық реагентпен «өлтірілген» 2019-nСoV вирусы бар.
Қазақстанда халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау
© SPUTNIK / ТИМУР БАТЫРШИН
Солтүстік Қазақстан облысында барлық ниет білдірушілерді коронавирусқа қарсы вакцинациялай бастайды.
Мұндай вакциналарда, әзірлеушілердің айтуынша, дене температурасы көтерілместен жеңілірек реакциялар болады. Рас, кейбір салдырған адамдар вакцина енгізілген жерде аздап жану және қышу болатындығын байқаған. Бірақ, әдетте, мұндай сезімдер инъекциядан кейінгі алғашқы күндері-ақ із-түссіз жоғалып кетеді.
Ғалымдардың айтуынша, қазақстандық вакцинаның тағы бір маңызды артықшылығы бар – ол, 2-8 градус температурада сақтау және тасымалдау мүмкіндігі. Препараттың мұндай қасиеті, вакциналарды сақтауға арналған қуатты мұздатқыштары жоқ, ең шалғай елді мекендерде вакцинамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ғалымдар әлі күнге дейін антиковидті қорғаудың мерзімін анықтаған жоқ. Оның әсерінің ұзақтығы көптеген факторларға байланысты және әр ағзаға жеке беріледі, – дейді ғалымдар.
Вакцинаны қолдануға қарсы көрсетілімдер жүктілік, АИТВ, гепатит және басқа да жедел аурулар, сондай-ақ ықтимал вакцинацияланатын адамда созылмалы аурулардың өршуі болып табылады. Кешілген коронавирус және қандағы антиденелердің болуы вакцинацияға қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Балалар әлі коронавирусқа қарсы вакцинацияланбайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кез-келген вакциналарға арналған талаптарына сәйкес, бұл үшін препарат клиникалық сынақтардың төртінші кезеңінен өтуі тиіс.
Қазір әлемде 200-ден астам коронавирустық вакцина әзірленуде, бірақ олардың ешқайсысы зерттеудің төртінші кезеңін бастаған жоқ, яғни, оны 18 жасқа дейінгі адамдарға ұсыну мүмкін емес.
Вакцинаны еріктілерге сынау
Клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңіне 18-65 жас аралығындағы 44 ерікті, екінші кезеңге — 200, үшінші кезеңге — 3 мың адам қатысты.
Еріктілерді 21 күндік аралықпен екі рет вакцинациялады. Екі инъекцияның құрамы бірдей.
Вакцинаны алғашқы рет сынаушылардың арасында оны жасаушылар да болды. Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те өз еркімен отандық екпені салғызды. 2020-шы жылдың тамыз айында ол вакцинация алып, желтоқсанда журналистерге вакцинациядан кейінгі асқынулардың болмағанын және қызуының көтерілмегенін айтты. Әл-ауқаты жақсы, тұрақты болып қала берді, антиденелердің саны азайған жоқ.
Қазақстанда министрлер мен депутаттар коронавирусқа қарсы екпені қашан бастайды
Қаңтар айының соңында, Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы дәл осы Қазақстандық вакцинамен егілетіндігін мәлімдеді. Бұл хабар ғалымдарды «шабыттандырды» – дейді Ерғали Әбдірайымов. Бұл ретте вакцинаны жасаушылар оларға жүктелген барлық жауапкершілікті түсінеді.
«Біз үшін бұл өте жауапты, бүкіл ел үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Президентіміздің Қазақстандық вакцинамен вакцинациялануына ниет білдіруін мақтан тұтамыз. Біз үшін бұл үлкен мәртебе және маңызды міндет, жауапкершілік», – деді ғалым.
QazCovid-in әлемдік журналдарда және ДДҰ ұсынымы
Вакциналардың тиімділігі туралы жаңалықтарды халықаралық ғылыми журналдардан білуге болады. QazCovid-In вакцинасы туралы материал халықаралық сарапшылар мойындайтын шетелдік, рейтингісі бар журналда жариялануға дайындалып жатыр.
Отандық ғалымдар QazCovid-In-ің барлық клиникалық зерттеулерінің нәтижелерін алғаннан кейін, осы ұйымда тіркелу ұсынымдық сипатта болса да, ДДҰ-дан мақұлдау алуға ниетті.
Хайпқа ұмтылу азаматтарды адастырады – Тоқаев вакцинацияға қарсыластар туралы
Сондай-ақ, Қазақстандық ғалымдардың жоспарында – коронавирусқа қарсы тағы төрт вакцинаны (екі векторлық, әлсіреген және суббірлікті вакцина) әзірлеу бар.
«Қазір адамдар екі ауысымда жұмыс істейді. Біз – бір уақытта коронавирусқа қарсы бес вакцинаны жасайтын алғашқы елміз», – деді ғалым.
Ерғали Әбдірайымовтың айтуынша, отандық вакциналардың кең ассортименті, азаматтарға, денсаулықтарына байланысты таңдау құқығын береді.
Себебі вакцинация, баяғыдан-ақ өзінің тиімді екенін дәлелдеді және эпидемия кезінде адамзаттарды әрдайым құтқарып келді. Алайда, ғалым, вакцинация тек ерікті түрде ғана болуы керек деп санайды.