Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмалары шеңберінде 2021 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов вакциналар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың қызметімен танысты. Зауытта Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов облыс әкімінің, Институт басшылығының, сарапшылардың қатысуымен кеңес өткізді, онда зауыттың өзекті мәселелері қаралып, оларды шешу жолдары айқындалды.
Иллюстрациялық фото: ашық көздерден
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Институт қызметкерлеріне арналған үш тұрғын үй құрылысының барысын тексерді. Тұрғын үй мәселесін шешу жас білікті мамандарды тартуға жағдай жасауға, сондай-ақ бірегей Институттың кадрлық әлеуетін сақтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың назарына институт қызметкерлері үшін жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы ұсынылды
Иллюстрациялық фото: ашық көздерден