«ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР-ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ»

Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйені қалыптастыруға, саяси жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғауға және қоғамды топтастыруға бағытталған бірқатар бастамалар көтерді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: – «Елдің биоқауіпсіздігін болжаудың Ұлттық жүйесі құрылуы тиіс. Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған». «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың көптеген зертханалары халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандыруды көздеу керек. Бұл біздің зертханаларымыздың халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейін 90% – ға дейін арттыруға мүмкіндік береді».

Мемлекет басшысы өзіміздің институт ғалымдарының жасап шығарған отандық QazVac инактивтендірілген вакцинасына жоғары баға берді. Ол –  «Қазақстан – коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған санаулы мемлекеттердің бірі. Басқа елдер қызығушылық танытып отырған QazVac препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігіне біздің күмәніміз жоқ»-деді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяққа тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Қазақстанда шығарылуы тиіс. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағыт бойынша нақты нәтижелер күтемін».

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ғылыми қоғамдастықтың ең күрделі тақырыптарына қолдау білдірді: «Маңызды басымдық – ғылымды дамыту. Осы салада жинақталған проблемаларды шешу үшін жыл соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Ең алдымен, жетекші ғалымдарды ғылымды базалық қаржыландыруға қосып, олардың тұрақты әрі лайықты жалақысын қамтамасыз ету керек. «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында, мен іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыруды енгізуді тапсырдым».

«Салалық министрлік осындай ғылыми ұйымдарды іріктеу мен қаржыландырудың нақты әрі ашық ережесін әзірлеуі керек».

«Әрі қарай. Іргелі ғылымның дамуына елеулі кедергі нәрсе ол – гранттардың үш жылға шектеулігі болып табылады. Мұндай қысқаша жоспарлау кезінде маңызды нәтижелерге қол жеткізу өте қиын. Ғылымды гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұлғайту мәселесін қарастыру қажет».

Сондай-ақ ғылым туралы заңда ҰҒК шешімдерінің апелляциясы институты көзделуі тиіс «Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің объективті проблемасы күн тәртібінен түспейді. Апелляциялық институтты жүргізудің қажеттілігі туындады деп санаймын».

Жалпы, қазақстандық білім мен ғылымның алдында ауқымды, кезек күттірмейтін міндет тұр. Ол – жаңа белестерді бағындырып қана қоймай, бір қадам алда болу, трендтер қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Отандық білім беру мен ғылымның алдында шұғыл әрі ауқымды міндет тұр, ол тек уақытқа сай болып қана қоймай, бір адым алда жүріп, жаңа шешімдер ұсыну керек.

БҚПҒЗИ ұжымы Мемлекет Басшысының Жолдауын, әсіресе еліміздің биологиялық биоқауіпсіздік мәселесін күшейту қажеттілігі туралы тапсырманы қызу қабылдады.

Біз Мемлекет басшысының әрбір тармағы бойынша саясатын толық қолдаймыз және Қазақстанның дамуы мен болашағына өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

Дереккөз: https://www.akorda.kz/ru/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-183048

By admin