ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК Сынақ зертханасы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығының ISO/IEC 17025-2019 стандарты бойынша аудитінен сәтті өтті, бұл жұмыстың озық стандарттарға сәйкестігін, зертханалық зерттеулердің дұрыс нәтижелерін ұсыну құзыреттілігі мен қабілетін көрсетеді. Қайта аккредиттеу зертхана қызметкерлерінің де, Институт басшылығының да көшбасшылық, даму және нәтиже үшін жауапкершілік принциптеріне зертхананың сәйкестігін растайды.