12-ші сәуірде Қазақстанда кәсіби мереке – Ғылым күні атап өтіледі!
Дәл осы күні Қазақстан ғылымының барлық қызметкерлеріне ғылыми-зерттеу, инновациялық және кәсіби қызметтерде табыс, мүддесі бір топтарда жемісті еңбек, жаңа ғылыми жаңалықтар мен шынайы түсіністік, мақсаттылық пен рух сергектігін тілейміз!
ӘЗІРЛЕУ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ-ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ТУРАЛЫ АЙТТЫ
ОТАР. ҚазАқпарат
— 2020 жылдың 25-ші наурызында Ұлттық биотехнологиялар орталығын аралау барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 короновирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (Отар, Жамбыл облысы) Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина әзірлеуге кірісті. Бұл жұмысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі үйлестіреді.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта мемлекеттер 54 вакциналық кандидатты әзірлеуде, олардың екеуі клиникалық сынақ кезеңіне шықты. Талдау көрсеткендей, шығарылған вакциналардың едәуір бөлігі гендік-инженерлік жолмен жасалған векторлық немесе суббірлікті вакциналар болып табылады. Мұндай технологияларды вакциналарды өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылар қолданады.
Қазақстандық ғалымдар да осындай заманауи тәсілдер мен технологияларды қолданады. Олар барлығы 4 кандидаттық вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр, оның ішінде вирустың S-ақуызының фрагменттері негізінде 2 векторлық және 2 суббірлікті вакциналар. Клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан кейін олардың ішінен ең тиімді және қауіпсізі таңдалады.
Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары, BSL-3 биологиялық қауіпсіздігі 3-ші дәрежелі зертханаларда, SARS-CoV-2 коронавирусының тірі штамдарымен жұмыс жасайды. Вакцинаны әзірлеу тәулік бойы жүргізіледі.
— Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының 60 жылдан астам тарихы бар. Институт, қауіптерді анықтау құралдары мен әдістерін әзірлеумен, биологиялық қауіпсіздікті бағалаумен және адамның, жануарлар мен құстардың қауіпті және аса қауіпті вирустық ауруларына қарсы диагностикалық және профилактикалық препараттарды дайындаумен айналысады. Мұнда биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, вирусология, микробиология, иммунология саласында үлкен тәжірибе жинақталған.
Институт медициналық иммунобиологиялық препараттарды дайындау, сынау және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеудің отандық технологияларын әзірлеу бойынша міндеттерді шешетін Қазақстан Республикасындағы жалғыз мемлекеттік ұйым болып табылады. Институт алғаш рет А/H5N1 Kazfluvac (құс тұмауы) және A/H1N1Refluvac (шошқа тұмауы) тұмауына қарсы вакциналарды тіркеді.
Институтта клиникалық сынақтар жүргізіліп, маусымдық тұмауға қарсы 3 валентті сплит-вакцина (клиникалық сынақтардың клиникаға дейінгі, I және II фазалары жүргізілді), сондай-ақ адам туберкулезіне қарсы вакцина (клиникалық сынақтардың клиникаға дейінгі, I және II фазалары жүргізілді) әзірленіп, денсаулық сақтау практикасына енгізілді.
Институт ғалымдары препараттардың 60-тан астам атауын, оның ішінде 30 вакцинаны, 16 тест-жүйені және 15-тен астам түрлі биопрепараттарды әзірлеп, енгізді. Жыл сайын 27 млн. доза вакцина өндіріледі. Қазіргі кезде институтта биопрепараттарды өткізудің тұрақты нарығы бар. Шетелдерге вакцина жеткізуші ретінде Кеден одағының тізіліміне енгізілген. Медициналық және ветеринарлық вакциналарды әзірлеу мен өндірудің айтарлықтай экономикалық әсері бар. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігі институтта әзірленген және өндірілген нодулярлық дерматитке қарсы вакцинаны сатып алу бюджет есебінен 2 млрд. теңгені үнемдеді. Институтта сонымен қоса, бірегей депозитарий мен вирустардың генетикалық кітапханасының базасы бар.
— Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен (ДДСҰ) Денсаулық сақтау мақсатында аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналарды әзірлеу жөніндегі шартқа ие. ФМБУ тұмау ҒЗИ, РМҒА СҒЗИ, приматология ҒЗИ (Ресей), CDC, ARS USDA (АҚШ), MTV (Австрия) және әлемнің басқа да жетекші ғылыми орталықтарымен және институттарымен бірлескен зерттеулер жүргізеді. Институт Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдердің вакцина өндірушілер тобының мүшесі болып табылады.