Жасушалық биотехнология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Сабит Кабдышевич Кокановты және Микроорганизмдерді өсіру технологиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Ветеринария ғылымдарының кандидаты (PhD докторы) Жанат Бүркітбайқызы Кондибаеваны 40300 – Ветеринария ғылыми бағыты бойынша «ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР» ғылыми атағын алуымен құттықтаймыз (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының 29.07.2024 ж. № 654 және 27.11 2024 ж. №1098 «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығы).
Сіздерге денсаулық, ғылыми-өндірістік қызметте шығармашылық идеяларды жемісті іске асыру, ең батыл жобаларды іске асыруда табыс, үлкен мақсаттарға қол жеткізуде табандылық тілейміз!