Қымбатты ханымдар!
Келе жатқан 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен ең жылы және шынайы құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Бұл әсерлі мерекені бүкіл әлемде дәл осы көктемде атап өту кездейсоқ емес, өйткені бұл кезең әйел мен көктем, махаббат пен сұлулықты, үміт пен мейірімділікті, жаңа өмірдің басталуын, жарқын өзгерістерді бейнелейді.
Әйелдер қауымы, Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі, нәзіктік, сұлулық пен шабыттың белгісі Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы керемет шуақты күні Сіздерге зор бақыт, денсаулық, жұмыста және отбасына бақ-береке, өмірде сәттілік, көптеген гүлдер, қуаныш пен жақсы көңіл-күй тілейміз!
Институт әкімшілігі