Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы ҚР БҒМ ҒК Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарына құттықтау жедел хатында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы инактивтелген вакцинаны жасау және оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуімен құттықтады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов А.Қ. бұл – қазақстандық ғылымға отандық ғалымдардың биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан маңызды үлесін, сондай-ақ, еліміздің ғылымының мықтылығының дәлелі екенін атап өтті. Ол ҚР БҒМ ҒК Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ұжымы қауіпті және аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналардың жаңа түрлерін әзірлеудегі жетекші рөлін тағы бір рет көрсеткенін белгіледі және қызметкерлерге мықты денсаулық, өркендеу және жаңа табыстар тіледі.
Төменде ДДҰ -да тіркелген COVID-19 қарcы кандидат вакциналары тіркелген ландшафт құжатқа сілтеме берілген (екінші беттегі үшінші позиция): https://www.who.int/who-documents-detail/draft-landscape-of-covid-19-candidate-vaccines