БҚПҒЗИ авторлар ұжымын, QazCovid-In (QazVac) бірінші қазақстандық вакцинасын әзірлеушілерді «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны әзірлеу» ҒТБ шеңберінде алынған ғылыми зерттеу нәтижелерінің кезекті озық жарияланымымен құттықтаймыз.

Бір топ ғалымдар инактивацияланған вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтарының нәтижелерін микробиология саласындағы беделді халықаралық «Frontiers in Microbiology» журналында жариялады.

Мақаланы дайындау үдерісін жас ғалым, PhD докторы, микроағзалар коллекциясы зертханасының меңгерушісі Қ.Д. Жугунисов басқарды.

Атжалмандардағы тәжірибелерде пайдаланылған жануарларда QazCovid-In (QazVac) вакцинасының қауіпсіздігі мен жоғары қорғаныс тиімділігі дәлелденді.

Аталған жарияланым институт ғалымдарының вирусология және вакцинология саласындағы ғылыми зерттеулерінің жоғары деңгейін тағы да дәлелдейді.

Институт ғалымдарының орасан зор еңбегінің нәтижесі –Covid-19-ға қарсы әзірленген «QazCovid-in» вакцинасы отандық ғылымның үлкен жетістігі және елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде теңдесі жоқ үлес болып табылады!

Авторларды озық жарияланымдарымен құттықтаймыз, денсаулық, шығармашылық табыс және шетелдік ғылыми қоғамдастық мойындаған ғылыми мақалалардың көп болуына тілектеспіз!

http://journal.frontiersin.org/article/10.3389/fmicb.2021.720437/full&utm_source=Email_to_authors_&utm_medium=Email&utm_content=T1_11.5e1_author&utm_campaign=Email_publication&field=&journalName=Frontiers_in_Microbiology&id=720437

By admin