Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат – Ешқандайда Алматылық коронавирус штаммы жоқ. Бұл туралы ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ұжымдық пайдалану зертханасының меңгерушісі, PhD докторы Ербол Бурашев мәлімдеді, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Осыдан он күн бұрын біз, Сovid-19-ға байланысты оң үлгілерді алдық, зерттеулер нәтижесінде британдық типтегі коронавирустық инфекцияның жаңа нұсқасына жататын штамм табылды. Қазіргі таңда оның вирусын бөліп алу мақсатында терең зерттеулер жүргізілуде. Дәл қазір біз спайк-ақуызды анықтап, оны британдық типке жатқыздық. Анықталған коронавирус штаммы Еуропа мен АҚШ аймақтарында таралған британдық штаммға сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, жаңа «Алматылық» штаммы жоқ, анықталған штамм желтоқсан айының соңынан бері әлемде кеңінен таралуда, бізде ол тек жаңадан анықталды», — деп түсіндірді Ербол Бурашев ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ, анықталған коронавирус штаммының ерекшеліктері туралы айтты.
«Басқа штамдардан айырмашылығы – оның жұқпалылығы мен патогенділігі өте жоғары болып келеді, сондықтан да оның бүкіл әлемде тез таралуы сөзсіз. Яғни, ол аса жұқпалы, оның ағзаға әсері әлі толық зерттелмеген», – деп толықтырды Ербол Бурашев.
Сарапшы, аурудың пандемиялық түрде таралуы жалғасып жатқанын және эпидемиялық таралу ырғағында, ауру қоздырғышының генетикалық қасиеттерінің, фенотиптік белгілерінің (патогенділік, жұқпалылық, антигенділік) өзгеру мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті. Шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, SARS-CoV-2 вирусының бірнеше табиғи жолдардан өтуі, геномда генетикалық өзгерістердің пайда болуына әкеп соқтырды. Сәйкесінше, Covid-19 қоздырғышының «Британдық» және «Оңтүстік Африкалық» штамдары сияқты жаңа филогенетикалық өзгерістері пайда болды.
ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК ғалымдары 19.03.2021 жылы ҚР ДСМ «Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы ұсынған биологиялық материалдардың сынамаларына талдау жүргізді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде SARS-CoV-2 вирусындағы Spike ақуызының беткі үлгілерінің реттілігі (секвенирлеу) жүргізілді. Зерттеулер Сovid-19, клайд G «Британдық» түріне сәйкес келетін мутациялардың, нақты алмастырулардың және делециялардың барын көрсетті.
GISAID мәліметтері бойынша, бұл клайд G қазіргі уақытта барлық жерде таралған.
https://www.inform.kz/ru/nikakogo-almatinskogo-shtamma-koronavirusa-ne-suschestvuet-ekspert_a3770135