QazCovid-In Қазақстандық вакцинасына бірнеше ел қызығушылық танытты. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елдер клиникалық зерттеулердің нәтижелерін күтуде,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Tengrinews.kz
«Өкінішке орай, Қазақстанда дәстүрлі түрде вакцина шығаратын зауыт болған жоқ. Пандемия пайда болды, белсенді жұмыстар басталып жатыр. Қазір Қазақстанндық алғашқы вакцина зауытыны құрылысы аяқталуда. Алға жылжуға келетін болсақ, әрине, біз бұл мәселемен айналысуды жоспарлап отырмыз. Вакцинаны алға жылжыту үшін клиникалық зерттеулердің толық нәтижелерін алу керек, өйткені барлық елдер бірінші кезекте клиникалық зерттеулердің параметрлерін сұрайды, олардың тиімділігін тексереді, содан кейін ғана өтінімдер бойынша анықталады. Қазірдің өзінде бізге қызығушылықпен жүгінген бірқатар елдер бар, бірақ олардың барлығы клиникалық зерттеулердің нәтижелерін күтуде», — деп хабарлады министр ОКҚ брифингінде.
Бұл ретте Цой, отандық вакцина шығарыла сала алғашқы кезекте Қазақстан нарығы қамтамасыз етілетініне сендірді.
«Біз өз қажеттілігімізді толтырмайынша, сыртқы нарықтарға шықпаймыз. Өз қажеттілігімізді қанағаттандырғаннан кейін ғана вакцинаны сыртқы нарықтарға беру туралы айтуға болады. Әрине, алда үлкен нәтижелер күтудеміз», – деп толықтырды ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, отандық вакцинаны өндірудегі кідіріс Қазақстанға вирустың мамыр айында «келгеніне» байланысты, ал басқа елдерде «вирус штаммы Желтоқсан айында анықталған».
Қазіргі уақытта вакциналар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.