Аграрлық мәселелер, табиғи ресурстарды пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі комитет 2025 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты басшылығының қатысуымен «Қазақстан Республикасы ветеринариялық қызметі: жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбында «Үкімет сағатын» өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – еліміздегі ветеринариялық қауіпсіздік жүйесінің қазіргі жағдайын, саланың өзекті мәселелерін және оның институционалдық, кадрлық және цифрлық даму жолдарын талқылау.

Осыған орай аталған іс-шарада «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС өзінің ветеринариялық препараттарын таныстырды. Іс-шараға Интситут атынан бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының м.а. С.Ш.Нурабаев және оқу ғылыми білім беру орталығы директорының м.а. М.Р.Абаева қатысты.

By admin