Ғылым мен бизнесті байланыстыратын ауқымды шара елде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. «1st BUSINESS and SCIENCE EVENT» форумының мақсаты ғылым – өндіріс – бизнес арасындағы байланысты нығайту. Форум барысында беделді бизнесмендер мен ғалымдар тәжірибе алмасып, әр түрлі тақырыпта шеберлік дәрістер өтті.
Іс-шараға 300-ге жуық ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты, оның ішінде ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми–зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас директоры Керимбаев Аслан Амангельдиевич және зертхана меңгерушісі, PhD, Жугунисов Куандык Даулетбаевич.
Форум барысында ғалымдардың коммерциализацияға дайын тәжірибелік үлгілерін қамтитын ғылыми-инновациялық көрме өтті. Көрмеде Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми–зерттеу институтының вакциналары мен биопрепараттары форумға қатысушы ғалымдар мен кәсікерлер тарапынан жоғары бағаланды!