«Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Республика күніне орай, бірқатар мамандары ҚР Денсаулық сақтау министрінің атынан марапаттарға ие болды. Оның ішінде ОҒББО директорының м.а. Абаева М., аға ғылыми қызметкер Алиева А., кіші ғылыми қызметкер Умуралиев Б. «Құрмет грамотасымен», кіші ғылыми қызметкерлер Әубәкір Н. және Тленчиева Т. «Алғыс хатпен» марапатталды.
Сіздердің еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғылым мен инновацияны дамыту бағытындағы қажырлы еңбектеріңіз зор құрметке лайық.
Еліміздің игілігі мен халқымыздың денсаулығын қорғау жолындағы еңбектеріңізге табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз.
