Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектепте мектеп басшылығының ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік тұғыры” атты тағылымды іс-шара өтті.
Іс-шараға мектеп ұстаздары, оқушылар және Желтоқсан көтерілісінің қаһармандары Қошеметов Жұмағали Қауқарбайұлы, Мырзашева Майра Имаканқызы, Абдугалиева Камила Турдимбекқызы, Мадышева Несіпкүл Насырханқызы арнайы шақырылды. Сонымен қатар, жиынға Ауған соғысының ардагерлері де қатысты.
Іс-шара ел егемендігінің маңызын ұрпақ санасына сіңіріп, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған үлкен мәні бар шара болды.
Тәуелсіздігіміз мәңгілік, ұрпағымыздың рухы асқақ болсын!