БҚПҒЗИ «Індетті аурулар мониторингі» зертханасының меңгерушісі Бурашев Ербол Досанұлы, сондай-ақ кіші ғылыми қызметкер Әубәкір Нұрдос Аманжанұлы 2024 жылғы 20-21 қарашада БАЭ, Дубайда өткен «Infectious Diseases» халықаралық конференциясында «Қазақстан аумағындағы жабайы құстар арасында құс тұмауы вирусының эпидемиологиялық мониторингі және таралуы» тақырыбында ауызша баяндама жасады. Баяндама «Инфекцияға төзімділік: микробтық сынақтарға қарсы тұра алатын әлемге арналған стратегия» бағытында ұсынылды.

Баяндамада Қазақстандағы жабайы құстар арасындағы құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай туралы деректер ұсынылды, себебі біздің республикамыздың аумағы Еуропа, Азия және Африканы байланыстыратын маңызды трансконтинентальдық жолдарды айқындайтын жабайы құстардың қоныс аударуындағы негізгі өңір болып табылады.

Қазақстан арқылы көші-қонның негізгі жолдары:

  • Орталық Азия көші-қон жолы Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлері арқылы өтіп, Сібір мен Орталық Азияны Оңтүстік Азия мен Африкамен байланыстырады.
  • Батыс-Азиялық-Үнді көші-қон жолы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерін кесіп өтіп, Шығыс Еуропа мен Батыс Азияны Үнді субконтинентімен байланыстырады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда вирустың таралуын болдырмау мақсатында жабайы және үй құстарының ахуалына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Мониторинг ірі су айдындарында және көші-қон жолдары шаруашылық аумақтарымен қиылысатын аудандарда құстар арасында патогенді жинауды, талдауды және сәйкестендіруді қамтиды.

Конференцияға әр түрлі елдердің өкілдері қатысты – Джоселин Йелле (вирусқа қарсы препараттар және вирустық қауіптер, Канада), Гилберт Глэди (медицина, Франция), Мұстафа Фадил Аваден (бирқауіпсіздік/биоқорғаныс, АҚШ), Катсутоши Андо (үй клиникасы, Жапония), Аватеф Хуэртани (Биотехполе, Тунис) және т.б.

Конференция барысында алынған білім мен орнатылған таныстық одан әрі ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды әзірлеуге ықпал етеді.

By admin