QazCovid-In коронавирусына қарсы қазақстандық вакцина сәуір айының соңында егіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. zakon.kz.

Қазақстандық вакцина (QazCovid-In)  қазір клиникалық зерттеулердің үшінші сатысында. Ол регламентті түрде жүргізіліп жатыр. Яғни, клиникалық зерттеулердің барлық кезеңдерінен өтетін кез-келген вакцина алыңғысындағыдай ұқсас рәсімдерден өткізіледі. Негізінде, уақытша форматта бұл вакциналар бірдей мерзімнен өтеді. Қазақстандық вакцина қазірдің өзінде шығарылуда және біз құжаттарды алғаннан кейін қолдануға рұқсат береміз деп жоспарлап отырмыз, бұл шамамен сәуір айының соңы, — деді Алексей Цой ОКҚ брифингінде.

Ол, жүргізілген клиникалық зерттеулердің қорытынды нәтижелері бойынша әзірлеушіден қажетті құжаттарды күтетінін, олардың нәтижелері бойынша вакциналарды жаппай қолдануға рұқсат беру туралы шешім қабылданатынын айтты.

Біз вакцинаны өндіруге уақытша рұқсат бердік, бірақ клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша құжаттарды ұсыну шартыменен. Мұнда бәрі ешқандай өзгеріссіз өз ретімен жүреді. Айта кету керек, вирустың штаммын басқа елдерге қарағанда кешірек алдық, олар қазір вакциналарды өндіруде көшбасшы болып табылады. Біз жеке штаммның өзін үш айға кешіктіріп алдық. Барлық рәсімдер регламентті түрде өтеді, сондықтан сәуір айына қарай біз нәтижелерге қол жеткіземіз. Олар оң болады деп үміттенеміз, өйткені бұған дейін жақсы болған», — деп түсіндірді министр.

https://www.zakon.kz/5063464-kogda-nachnut-privivat-kazahstanskoy.html

By admin