2022 жылғы 21 мамырда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңына қол қойды.

Заңның негізгі тұжырымдамасы биологиялық қауіптерді ерте анықтау, болдырмау және алдын алу болып табылады. Заңмен Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы шеңберінде биоагенттермен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды реттеу, микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс топтамаларының қызметін реттеу, биоқауіпсіздік саласында мемлекеттік басқарудың үйлестірілген жүйесін құру ұсынылады.

Құжат нормаларында патогендік биоагенттердің айналымы туралы деректерді есепке алу мен мониторингілеудің бірыңғай жүйесін құру, биотәуекелдерді басқару жүйесін енгізу, биоқауіптерді болжау және т.б. көзделеді.

Бұдан басқа, құжат нормаларының қатарында патогендік биоагенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері мен қосалқы персоналын әлеуметтік қорғау, олардың жалақысын ұлғайту, екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы енгізу, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми және білім беру қызметін реттеу бар. Төтенше жағдайларда ақпарат алмасу бөлігінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары және патогендік реагенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру тетіктері нақтыланды.

Үлкен күш-жігер, кәсіби құзыреттілік пен тәжірибе арқасында Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері ветеринария, фитосанитария және медицина саласындағы биологиялық қауіпсіздіктің маңызды мәселелерін шешуде. 64 жыл бойы тынымсыз еңбекпен олар ел ішіндегі биологиялық қауіпсіздіктің дамуына үлкен үлес қосып келеді: патогендердің таралуын бақылайды, аурулардың күрделі жағдайларын зерттейді, елдің экономикалық әл-ауқатын сақтай отырып, биологиялық қорғауды ұйымдастырады.

Мәселенің жаһандылығын және биологиялық қауіпсіздіктің маңыздылығын түсінгендіктен, біздің Институт, еліміз жаңару мен жаңғыртудың жаңа жолы – «Жаңа Қазақстанға» көшкен кезеңде толық Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік Заңына сәйкес жұмыс істейтін болады.

https://24.kz/ru/news/policy/item/545167-prezident-podpisal-zakon-o-biologicheskoj-bezopasnosti-rk

https://rus.azattyq-ruhy.kz/society/35800-ugolovnuiu-otvetstvennost-za-nezakonnyi-sbyt-i-khishchenie-opasnykh-patogenov-virusov-vvedut-v-rk

By admin