Ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы Закарья Күнсұлу Дальтонқызын еліміздегі бас жоғарғы оқу орнынындағы Ғылыми кеңестің шешімімен таныстырып, ең беделді университеттің құрметті профессорлық дипломы мен мантиясын табыс етті.
Жансейіт Қансейітұлы БҚПҒЗИ ғалымдарының COVID-19 QazVac-қа қарсы алғашқы Қазақстандық вакцинаны әзірлеуге қосқан үлесі туралы айтты.
Күнсұлу Дальтонқызы өз сөзінде, ҚазҰУ-дың құрметті профессоры ғылыми атағын беру құрметіне ие болғандығына үлкен алғысын айтып, университеттің Ғылыми кеңесіне ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, QazVac-ты әзірлеу және оны жасап шығару жолдары туралы мағлұмат берді. Мемлекет басшысының теңдессіз қолдауына (ҚР Үкіметінің көмегі жайлы да) назар аударды.
Сондай-ақ, К.Д. Закарья университет ұжымы мен профессорлық-оқытушылық құрамға, студенттерге қазақстандық жоғары білім мен ғылымды дамытуда үлкен шығармашылық табыс, денсаулық пен амандық тіледі.
Сөз соңында ректор Ж.Қ. Түймебаев пен ҚазҰУ ғалымдарын БҚПҒЗИ-ың жағдайымен танысып қайтуларына шақырды.