2020 жылғы 31 шілдеде ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК қазақстандық екінші вакцинасы кандидат вакцина ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сайтында сәтті тіркелді. Вирустың беткі ақуыздары негізінде жасалған бұл суббірліктік вакцина мүлдем зиянсыз және қауіпсіз (https://www.who.int/publications/m/item/draft-landscape-of-covid-19-candidate-vaccines).
Біздің вакциналарымыздың ДДСҰ-ға тіркелуі біздің вакциналарымыз кандидаттық вакциналар тізіміне енгенін және жануарларда клиникаға дейінгі сынақтар жүргізуге рұқсат етілгенін білдіреді.
Қазіргі уақытта БҚПҒЗИ ғалымдары екінші вакцинаны клиникаға дейінгі сынауға кірісті. Жақсы нәтиже алынған жағдайда адамдарға клиникалық сынақтар жүргізіледі. Кейін вакциналар денсаулық сақтау министрлігінде тіркелуі тиіс, содан кейін ғана вакцинаны адамдарды вакцинациялау үшін қолдануға болады.
Алғашқы инактивтелген вакцина ДДСҰ сайтында ағымдағы жылдың 15 мамырында тіркелгендігін айта кеткен дұрыс. Бүгінгі күні, ол клиникаға дейінгі сынақтардан өтті. БҚПҒЗИ ғалымдары әзірлеген инактивтелген вакцина, қазіргі уақытта, Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығына жіберілді, ол бойынша сараптама жұмыстары жүргізілуде. Сараптама бойынша оң шешімдер алынғаннан кейін құжаттар пакеті адамдарда клиникалық сынақтар жүргізу үшін денсаулық сақтау министрлігіне бекітуге жіберіледі.
БҚПҒЗИ-ында медицинада қолданылатын вакциналардың әртүрлі түрлерін жасау және өндіру саласында жоғары ғылыми және практикалық тәжірибе жинақталған. ДДСҰ-ымен бірлесіп БҚПҒЗИ-ында денсаулық сақтау саласына арналған вакциналардың төрт түрі жасалды. Елді тиімділігі жағынан шетелдік аналогтарынан кем түспейтін отандық препаратты әзірлеу, сынау және онымен қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ғылыми, техникалық, технологиялық базалар мен жоғары білікті персонал бар.
Қос вакцина да «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының аясында жасалды, БҚПҒЗИ өз ғалымдарының жоғары жетістіктерін атап өтіп, алғыс білдіреді:
– бағдарлама жетекшісі, профессор М.Б. Орынбаевқа, бағдарлама бірлескен жетекшісі, б.ғ.д. К.Д. Закарьяға;
– бағдарламаның жауапты орындаушылары: в.ғ.д. Л.Б. Кутумбетовқа, профессор Б.М. Хайруллинге;
– жоба жетекшілері: профессор К.Т. Султанкуловаға, PhD К.Д. Жугунисовқа, в.ғ.д. Е.О. Абдураимовқа, профессор М.М. Касеновке, б.ғ.к. О.В. Червяковаға, а.ғ.қ А.С. Нурпейсоваға, в.ғ.к. С.Ш. Нурабаевқа, м.ғ.к. А.К. Нахановқа, м.ғ.к. Н.Н. Асанжановаға, PhD Е.Д. Бурашевке, а.ғ.қ. Р.А. Рыстаеваға, Э.Т. Тайлаковаға;
– орындаушылар: с.ғ.с. А.А. Керимбаевқа, ғ.қ. С.К. Копеевке, ғ.қ. К.А. Шораеваға, ғ.қ. Н.С. Акылбаеваға, ғ.қ. К.К. Джекебековке, к.ғ.қ. Р.Т. Абитаевқа, зерт. Т.С. Чукаеваға және біздің басқа да көптеген қызметкерлерімізге.