Бүгінгі таңда COVID-19-ға қарсы отандық QazVac вакцинасы Қырғыз Республикасында ресми тіркелді!
Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен Covid-19-ға қарсы QazVac вакцинасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (KG.1.11159.08560-2021) берілді.
QazVac шетелде мақұлданған COVID-19-ға қарсы алғашқы Қазақстандық вакцина,БҚПҒЗИ ғалымдарының зерттеулерінің мойындалуы, қазақстандық ғылымның және Институт ұжымының жетістігі, коронавирустық инфекциямен күрестегі ықтиятты еңбек пен табанды жұмыстың нәтижесі. Бұл – барша қазақстандықтардың, сондай-ақ көрші республикалардың денсаулығын қорғанысында өздерін аямастан тұрған Институт қызметкерлерінің зор жетістігі, мақтанышы және баға жетпес еңбегі!
QazVac вакцинасын мойындау БҚПҒЗИ ғылыми әзірлемелері мен зерттеулерінің жоғары деңгейін тағы да дәлелдеді және ғалымдар мен мамандардың жоғары кәсіпқойлығының көрсеткіші болып табылады.
БҚПҒЗИ ұжымы Қазақстан Президенті мен Үкіметі қойған күрделі міндеттерді орындауға қабілетті екенін тағы да дәлелдеді.
Барлық ғалымдарды және БҚПҒЗИ ұжымын кезекті жетістігімен құттықтаймыз және ғылымда жаңа биіктерге жетуді тілейміз.