2021 жылғы 23 маусымда Қордай ауданының «Жаамбыл облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қордай аудандық филиалының тіркеу және жер кадастры бөлімі құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын «OtarBioPharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тіркеді. «OtarBioPharm» ЖШС басшысы болып Ершебулов Закир Жапарұлы тағайындалды.
«OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауыты іске қосылып, толық қуатына шыққаннан кейін Тиісті Өндірістік Тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша аса қауіпті індетті ауруларға қарсы иммундық-биологиялық препараттарды (вакциналарды), оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы QazVac вакцинасын шығару бойынша Қазақстан Республикасындағы толық циклдағы бірінші ірі зауыт болады.
«OtarBioPharm» ЖШС-ін осы тарихи оқиғамен құттықтаймыз!
Ғылыми-өндірістік қызметтегі шығармашылық ой-пікірлердің жемісті іске асырылуын, ең батыл жобаларды іске асыруда сәттілік, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы игі мақсаттарда жігерлілік тілейміз!