Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында (бұдан әрі – БҚПҒЗИ) 2020 жылғы 26 шілдеде COVID-19-ға қарсы өзіндік QazCovid-in инактивтелген вакцинасымен бас директор К.Д. Закарья бастаған 5 әзірлеуші-ғалым вакцинацияланды және вакцинацияланған қызметкерлерді бақылап, вакцинаның қауіпсіздігі туралы мәліметтер алынғаннан кейін келесі күні тағы 2 қызметкер (ғылым докторлары, профессорлар: Л. Б. Кутумбетов (вакцинаны бірінші алды), Хайруллин Б.М., Орынбаев М. Б., Султанкулова К.Т., Абдураимов Е.О., Нурабаев С.Ш.) вакцинацияланды. Вакцинация БҚПҒЗИ-ында әзірленген QazCovid-in ® – COVID-19-ға қарсы инактивтелген вакцинаның жоспарланған клиникалық зерттеулерінің I/II фазасын толық жаңғыртуға мүмкіндік берді.
Вакцинация COVID-19-ға қарсы алғашқы отандық вакцинаны жасау және сынау технологиясын жасау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын тікелей орындайтын ғылыми қызметкерлерді толық эпидемиологиялық қорғау үшін қажет болды. Айтулы ғылыми қызметкерлер COVID-19-ды табиғи түрде жұқтырған жағдайда, Иститут, ұзақ уақыт бойы, отандық вакцинаны әзірлеу жөніндегі ең маңызды мемлекеттік міндетті орындаушы ең құнды мамандардан айырылар еді.
Өз вакцинасымен вакцинациялану – бұл медициналық және иммунобиологиялық препараттарды жасаушылардың жариясыз ғылыми стандарты, мұнда әзірлеуші, ең алдымен, өз әзірлемесінің қауіпсіздігі мен иммуногендігін өзінде зерттейді, екіншіден, өз зерттеулерінің нәтижелері мен сапасы үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады, осылайша клиникалық сынақтарға қатысатын болашақ еріктілердің қауіпсіздігіне кепілдік береді.
Вакцинацияланған қызметкерлерге күн сайын клиникалық бақылау жүргізіледі. 2020 жылғы 4 тамыздағы жағдай бойынша вакцинацияланған қызметкерлердің барлығы клиникалық тұрғыда аман-сау, бұл вакцинаның қауіпсіздігін көрсетеді. Қан мен зәрдің биохимиялық және гематологиялық анализіне зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ, ИФТ әдісімен және бейтараптандыру реакциясында қан сарысуындағы антиденелер деңгейі анықталды.
Вакцинаны әзірлеушілер, клиникалық зерттеулер басталар алдында жүргізілген вакцинация нәтижесінде вакцинаны зертханалық жануарларға клиникаға дейінгі сынау нәтижелерімен салыстырғанда вакцинаның ҚР халқын иммундау кезінде қауіпсіздігі мен иммуногендігі туралы құнды ақпарат алады.
Вакцина әзірлеушілердің өз вакцинасымен вакцинациялану мысалдарының соңғыларының бірі – Новосибирск қаласындағы Вектор ҒТБ және Мәскеу қаласы Гамалей атындағы Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерін вакцинациялау болып табылады. Ресейлік ғалымдар, өз институттарының қызметкерлерін, клиникалық зерттеулердің ресми басталуына дейін осы ғылыми орталықтар әзірлеген Covid-19-ға қарсы вакциналарымен вакцинациялады.