Қазақстанның қазіргі тарихында тұңғыш рет отандық ғалымдар Covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы QazVac алғашқы Қазақстандық вакцинасының ауқымды клиникалық зерттеулерінің III фазасының нәтижелерін Lancet тобының журналында жариялады, бұл медицина саласындағы ең жоғары әлемдік рейтингке ие ғылыми журналдар.

Бүгін The Lancet тобына кіретін EClinicalMedicine журналында «Efficacy and safety of an inactivated wholevirion vaccine against COVID-19, QazCovidin, in healthy adults: a multicentre, randomised, singleblind, placebocontrolled phase 3 clinical trial with a 6-month followup» Covid-19-ға қарсы QazVac вакцинасының ауқымды көп орталықтандырылған клиникалық сынақтарының III кезеңдік нәтижелері жарияланды.

 

ҚР ДСМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ «Covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде БҚПҒЗИ бас директоры, б.ғ.д., профессор Күнсұлу Закарьяның басшылығымен Covid-19-ға қарсы QazVac вакцинасы әзірленді. Клиникаға дейінгі сынақтардың оң нәтижелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық зерттеулер хаттамасына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес қауіпсіздікті, иммуногенділікті және басқа да параметрлерді зерделеу бойынша клиникалық зерттеулердің III фазасы жүргізілді. Жүргізілген сынақтардың нәтижелері адамдар үшін вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін, сондай-ақ жоғары иммунитеттің қалыптасуын көрсетті.

EClinicalMedicine-The Lancet тобының журналы, медицина және денсаулық сақтау саласындағы алғашқы зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ COVID-19 вакциналарын жасау мен зерттеудің соңғы жетістіктерін жариялайды.

ҚР ДСМ биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ҒЗИ отандық ғалымдары Қазақстан ғылымының дамуына, 21 ғасырдың жаңа инфекциясымен күреске өз үлестерін қосуда.

By admin