Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Түйе шешегі (Camelpox) – ауру жануарлардың безгегімен, басының ісуімен, терісінде және шырышты қабықтарында түйінді-пустулезді бөртпенің пайда болуымен, ұрғашы түйенің іш тастауымен және боталарының өлуімен сипатталатын контагиозды вирустық ауру. Шешекке барлық жастағы түйелер сезімтал, бірақ жас балапандар жиі ауырады. Буаз түйеде шешек абортқа алып келуі мүмкін.

Әдеби мәліметтерге сәйкес, шешектің айтарлықтай өршуі Қазақстанның Орал (1930, 1942-1943 жж.) және Гурьев (1965-1969 жж.) облыстарының аумағында байқалды. Қазақстанда түйе шешегінің соңғы өршуі 1996 жылы Маңғыстау облысының үш ауданында байқалды. Бұл ретте Маңғыстау ауданының 8 шаруашылығында 8 мың түйенің 830-ы шешек ауруына шалдыққан, оның 43-і өлген.

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Эпизоотологиясы.. Bera et al деректері бойынша 2009 жылы Rajasthan (India) ауданындағы Bikaner провинциясында түйе шешегінің өршуі кезінде жануарларды күтетін 3 адам ауруға шалдыққан. Түйе шешегі вирусының негізгі көзі ауру немесе ауырып жазылған түйелер болып табылады. Індетті жұқтырған жануарлар, вирусты, сыртқы ортада, вирусы бар тері мен шырышты қабықтың шеттетілетін эпителийі арқылы таратады. Сыртқы ортаға вирус түсік тасталған тұқымдармен де бөлінеді. Шешек қоздырғышын шешек ауруымен ауырмайтын үй және жабайы жануарлар да механикалық түрде таратуы мүмкін.

Түйе шешегі эпизоотиясы кезінде әсіресе боталар мен тайлақтар ауырады. Эпизоотиялар арасындағы кезеңде, ауру, шешек бойынша тұрақты қолайсыз аймақтарда түйелер арасында энзоотия және әр 3-6 жыл сайын жиірек немесе сиректеу пайда болатын спорадиялық жағдайлар түрінде, негізінен 2-4 жастағы жануарлар арасында өтеді. Мұндай жағдайларда, жануарлардың ауыруы салыстырмалы түрде жеңіл өтеді, әсіресе жылы уақытта. Суық мезгілде шешек ауыр, ұзақ уақыт бойы және әсіресе төлде асқынулармен өтеді.

Жұқтыру тәсілі және қоздырғыштың берілу механизмі. Табиғи жағдайда, сау түйелер, вирусты, вируспен ластанған аумақтағы ауру жұқтырған малдармен жанасқан кезде зарарланған су, жем, үй-жай және күтім заттары арқылы, сондай-ақ аэрогенді және құрамында вирусы бар шіует, сілекей шашыраған кезде жұқтырады. Түйелер көбінесе вирус ағзаға тері және шырышты қабықтар арқылы түскен кезде, әсіресе олардың тұтастығы бұзылғанда немесе авитаминозы кезінде жұқтырады.

Түйелерде шешек симптомдарының ағымы мен клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең түйелердің жасына, вирустың қасиеттеріне және оның ағзаға ену жолдарына байланысты 3-тен 15 күнге дейін ауытқиды: жас төлде 4-7, ересектерінде 6-15 күн. Иммундалмаған түйелерден алынған боталар, төлденгеннен 2-5 күннен кейін ауыруы мүмкін.

Түйе шешегінің ағымы жасына байланысты да әр түрлі жүреді: жас түйелерде, әсіресе жаңа туылған төлде, көбінесе өткір (9 күнге дейін); ересектерде – жітілеу және созылмалы, кейде, буаз түйеде жиі латентті. Түйелерде шешектің ең өзіне тәнді түрі – аурудың жітілеу өтетін терілік түрі.

Аурудың жіті ағымы кезінде ауыздан және мұрыннан мөлдір, кейін бұлдыр сұршыл-ластау түсті шырыш бөлінеді. Жануарлар бастарын сілкілейді, пысылдап, пысқыра отырып, вирусқұрамды шырышты және вируспен зақымданған эпителийді шашыратады. Көп ұзамай еріннің, мұрынның және қабақтың аймағында ісіну пайда болады, кейде ол жақаралық аймаққа, мойынға және тіпті төс аймағына тарайды. Жақ асты және төменгі жақ лимфа түйіндері үлкейеді. Жануарлардың тәбеті төмендейді, олар жиі және әдеттегіден ұзағырақ жатып алады және көтеріліп тұруы қиындайды. Осы уақытқа қарай еріннің, мұрынның және қабақтың терісінде, ауыздың және мұрынның шырышты қабаттарында қызыл-сұр дақтар пайда болады; олардың астында тығыз түйіндер пайда болады, олар ұлғайып, ортасы төмен және шеттері құлақша тәрізді қалыңдана отырып сұр түсті папулаларға, содан кейін өлшемі бұршақ немесе урмебұршақтай болатын пустулаларға айналады.

Ауру түйелердің шешек дақтары басында жиі пайда болады. Бір жастан төрт жасқа дейінгі түйе ауыруы, әдетінше оңай өтеді. Зақымданулар бас терісінде, әсіресе ерін мен мұрын аймағында орын алады. Ұрғашы түйенің желіні зақымдануы да сирек емес. Бас аймағындағы шешектің бастапқы пустулаларының ашылғанынан кейін бірнеше күн өткен соң зақымдануы теріде және дененің басқа да аз жүнді жерлерінде (кеудесі, қолтық асты шұқырында, бұты мен ұмасында, тоқпан жілігі пен санының ішкі бөлігінде), ал ұрғашы түйеде қынаптың шырышты қабығында пайда болады. Осы уақытта түйелердің дене қызуы, кейде 41,5 °С дейін көтеріледі, ал ұрғашы түйелер жүктіліктің соңғы айларында шала туған және нашар дамыған төлді төлдейді, олар, әдетте, көп ұзамай өледі.

     

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Кейбір жануарларда көздің мүйізгек қабығы бұлдырланады (ақ шел), осының себебінен 5-10 күнге бір көзге уақытша соқырлық пайда болады, ал боталарда екі көзінің де көрмей қалуы жиірек. Туғаннан кейін көп ұзамай ауырған боталарда іші өтуі пайда болады. Бұл жағдайда аурудан кейін 3-9 күн ішінде олар өледі.

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Түйе шешегіне балама жасау эпизоотологиялық деректердің, аурудың өзіне тән симптомдарының, патологоанатомиялық өзгерістердің, микроскопияның оң нәтижелерінің (жағындылар мен жаңа папулаларды Морозов бойынша күмістендіру әдісі арқылы өңдеу кезінде) немесе электрондық микроскопия және зертханалық зерттеулер: био сынамалар, ДПР, ИФТ және ПТР нәтижелері негізінде жүргізіледі.

Түйе шешегін, некробациллезден, ауру және өлген түйелерден алынған материалды микроскопиялық зерттеу жолымен, сондай-ақ некробациллезге шалдыққыш ақ тышқандарды эксперименталды жұқтыру арқылы саралау қажет. Аусылды жоққа шығару үшін теңіз шошқаларын, олардың табан терісінің плантарлы бетіне жұқтырады (аусыл кезінде теңіз шошқалары өзіне тән күлдіреуік пайда болуы арқылы ауырады). Зеңді зақымданулар мен қышыманы терінің зақымданған жерлерінен алынған қырындыларды микроскопиялық зерттеу арқылы жоққа шығарады. Аборт, түсік және уақытынан бұрын төлдеу жағдайларында (сарып (бруцеллез) ауруын жоққа шығару үшін) ауру ұрғашы түйелердің қан сарысуларын зерттейді (РА, РСК және бактериологиялық). Сондай-ақ, жас түйелердің басы (еріні мен мұрыны) тұсындағы зақымданумен сипатталатын жаппай ауруы болып табылатын шешекке ұқсайтын Ауыздық ауруын да электрондық микроскопия әдісімен жоққа шығару қажет.

Алдын алу. Түйе шешегі жағдайында вакцинация қорғаудың жалғыз әідісі болып табылады. Түйе шешегінің алдын алу үшін әлемде тірі және инактивтелген вакциналар әзірленген.

Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (OIE, 2008) деректеріне сәйкес аттенуацияланған және инактивтендірілген вакциналар коммерциялық тұрғыда қолжетімді болып табылады. Тірі аттенуацияланған вакцинамен вакцинациялау 12 айдан астам және инактивтендірілген вакцинамен вакцинациялау қайта вакциналациялаумен бірге 12 айға дейін қорғауды қамтамасыз етеді.

Түйе шешегіне қарсы вакцина «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ында да әзірленіп, Маңғыстау облысында сынақтан өткізілді.

Эпизоотикаға қарсы жалпы шаралар. Республикада эпизоотикаға қарсы шаралар «Адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардың алдын алу және олармен күресу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық ережелер» ветеринариялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Қорытынды. Түйе шешегімен күрес ветеринариялық заңнамамен белгіленген ветеринариялық-санитариялық шараларды, малды ұстау-күтудың ережелерінің сақталуы, өзінің міндеттерін орындаудың тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарды жүргізу болып табылады.

 

Кеңес алу мәселелері бойынша ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ына (726-36) 7-22-28 телефоны бойынша хабарласыңыз, электронды мекен-жайы: ribsp@biosafety.kz

 

Кеңес алу мәселелері бойынша ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Мұратбай Альдибайұлы Мамбеталиевке хабарласыңыз, тел. +7(775)
-772-03-77

 

Кеңес алу мәселелері бойынша ветеринария ғылымдарының кандидаты Ербол Акенұлы Булатовқа хабарласыңыз,

тел. +7(701)-449-55-52

 

Кеңес алу мәселелері бойынша биология ғылымдарының кандидаты Қуандық Дәулетбайұлы Жүгінісовқа хабарласыңыз,

тел. +7(701)-449-55-52

Вакцинаны сатып алу мәселелері бойынша Сапа басқармасының басшысы Закир Джапарович Ершебуловқа хабарласыңыз,
тел.
+7(778)-881-46-83

By admin