2019 жылдың 15-16 тамызы аралығында Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымының «Қазақстандық білім және ғылымның жаһандық құндылықтары мен сапасы»атты республикалық форум өтті.

Форумның бірінші күні отырысқа Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымдары, сондай-ақ Білім және ғылым Вице-министрі Фатима Надыровна Жақыпова қатысты.

Вице-министрдің баяндамасында 2019 жылы ҚР ЖҒТК отырыстарында ағымдағы кезеңдегі ғылымды дамытудың басым бағыттарына, сондай-ақ ғылымды әрі қарай қаржыландыруға және 2020-2022 жылдарға арналған ҚР БҒМ ғылыми-техникалық бағдарламасының жобасына қатысты мәселелер талқыланды. ЖҒТК шешімі бойынша 2020-2022 жылдарға арналған грант жобалары мен бағдарламаларын қаржыландыру көлемі бірнеше есе арттырылатын болады.

Республикалық форумның екінші күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баяндама жасады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі конференция – бүкіл ел үшін өте маңызды оқиға екенін атап өтті. Тоқаев сапалы білім ел дамуының негізі екенін атап өтті.

                                

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке білім беру жүйесіндегі проблемалар бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігіне білім гранттарының құны мен жоғары оқу орындарына қойылатын нормативтерді қайта қарауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ұстаздардың жұмыстарының тым көптігі мәселесін көтерді. Ол, биліктегілерге мұғалімдерді артық жұмыспен жүктемеуді талап етті.

Тоқаев, Қазақстанда, балаларға «экологиялық» сананы дарыту, тұрмыстық тазалық, гигиена мәдениетін жан-жақты түсіндіру, табиғатты қорғаудың ерекше маңыздылығын түсінуге үйрету қажет, деп есептейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар мен жасөспірімдер ортасындағы суицидтер – бұл баршамыз үшін қайғылы жағдай. Біздің барлығымыз, балалар осындай қадамға неге баратынын шындап ойлауымыз керек. Қатты өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру тәрбиелік процесс сапасының негізгі өлшемі болып табылатындығын» белгіледі.

Президент білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын 2025 жылға дейінгі іске асыру шеңберінде 12 жылдық үлгіге көшуді ақылға сала отырып қамтамасыз етуді тапсырды.

Президент атап өткендей, «Мұғалімдердің жалақысы төмен жалақылардың бірі болып қала беруде және экономика бойынша орташа жалақының 65% – ын құрайды». Ол үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыруды, сондай-ақ барлық мұғалімдер үшін демалыс мерзімін 56 күнге дейін арттыру, магистр дәрежесі үшін қосымша ақы және т.б. мәселесін қарауды тапсырды.

Президент Білім және ғылым министрлігіне табысы төмен отбасылардан шыққан немесе күрделі әлеуметтік жағдайда жұмыс істейтін және төмен нәтижелерді көрсетуші мектептен шыққан балалардың академиялық артта қалуын еңсеру жөнінде арнайы бағдарламалар әзірлеп, іске қосуды тапсырды.

Өз баяндамасының соңында Президент ұстаздарға мемлекеттік наградалар – «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, сондай-ақ Қазақстан Президентінің алғыс хаттары мен «Ыбырай Алтынсарин» және «Білім берудің құрметті қызметкері» төсбелгілерін табыс етті.

Бұдан әрі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндама жасады.

Асхат Аймағамбетов республика мектептеріне 2021 жылға дейін әліппенің оралуы туралы мәлімдеді. Мектептерге Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылы Орынборда жазған және шығарған әліппесі оралады. Сондай-ақ, Министрлік басшысы ақылы олимпиадалар санын қысқартуды тапсырды. Министрдің айтуынша, республикада латын әліпбиіне көшу кестеге сәйкес асықпай жүргізілетін болады.

2019 жылы министрлік «жеңіл портфель» жобасын іске асырады. Ата-аналарға таңдау мүмкіндігі беріледі: оқушылар қағаз оқулықтарды мектепте қалдырып, ал үйде электронды оқулықтарды пайдалана алады.

Білім және ғылым министрі өз баяндамасында тамыз конференциясына қатысушылардың назарын мектептегі тамақтануды ұйымдастырудың қолданыстағы ережелерінде сыбайлас жемқорлықтың орын алу қатерлері барлығына, сондықтан олар өзгертілетініна аударды.

Балалардың құқықтарын қорғау үшін, Министрлік, бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік емес агенттіктерді құруды жоспарлап отыр, олардың функцияларына әлеуетті асырап алушы ата-аналарды оқыту кіреді.

Қазақстанда мұғалымдерді аттестаттау жүйесі өзгереді. Министрлік басшысының мәліметінше, 120 мыңнан астам мұғалім аттестаттау есебінен еңбек ақысын көтеруге қол жеткізді.

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мұғалымдері мен басшы құрамының кәсіби өсуі ұлттық біліктілік тестін тапсыру арқылы аттестаттаудан өту арқылы айқындалатын болады. Ол толығымен автоматтандырылады.

Білім және ғылым министрі мектеп мұғалімдері үшін бес күндік жұмыс аптасын енгізу туралы мәлімдеді.

Министрлік басшысы колледж мұғалымдерінің мәртебесін көтеру қажеттігін айтты. Колледж мұғалімдерін аттестаттаудың, тестілеу жүйесі арқылы тоқсандық санатқа қосымша төлемдері бар жаңа жүйесі енгізілетін болады.

Министрдің баяндамалары бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді болашақта электронды форматта тапсыруға болады.

Сонымен қатар, министр, гранттар ваучер негізінде студенттің артынан жүретінін айтты. Бұл ваучермен, ол, тек өзінің ЖОО-да оқуын төлей алады. Сонымен қатар, студентке, бірлесіп ақы төлеу шартында, өзінің грантымен бірге басқа ЖОО-на ауысу құқығы беріледі. Сондай-ақ жоғары оқу орындарына да студенттерді таңдау құқығы беріледі.

Мемлекеттік білім беру грантының мөлшері 2012 жылдан бастап көтерілмеген. Осыған орай, мемгранттың мөлшерін кезең-кезеңмен арттыру қажет. Бұл жоғары оқу орындарына мұғалымдердің, қызметкерлердің жалақысын көтеруге және инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік береді.

Педагогикалық білім сапасын арттыру мақсатында Министрлік пилоттық режимде педагогикалық мамандықтар түлектерінің ерікті негізде ұлттық біліктілік тестті тапсыруын енгізеді. 2021 жылдан бастап бұл рәсім міндетті болады.

Қазақстанның Білім және ғылым министрі ұстаздарды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтады.

By admin