2025 жылғы 27 қазан мен 14 қараша аралығында БҚПҒЗИ мамандары – А. Жақыпбек, А. Әбдімұхтар, А. Абдықалық, М. Алмежанова және А. Сагимбаева – Сеулдегі International Vaccine Institute (IVI) өткізген GxP (GMP, GLP, GCP) сапа жүйелері мен биологиялық қауіпсіздік тақырыптарына арналған үш апталық оқу бағдарламасын табысты аяқтады.

Оқыту барысында қатысушылар 120 академиялық сағат көлеміндегі дәрістерді, практикалық сабақтарды, кейстік тапсырмалар талдауын және финалдық тестілеуді өтті. Тыңдаушылар GMP, GLP/GCLP, GCP/ICH стандарттары, тәуекелдерді басқару, CAPA жүйесі, сондай-ақ биологиялық және зертханалық қауіпсіздік ережелері бойынша жан-жақты білім алды.

Бағдарлама шеңберінде мамандар зертханалық және өндірістік нысандарға, соның ішінде Sartorius Korea Co., Ltd. компаниясына барып, өндірістік процестермен танысты.

Оқыту нәтижелері БҚПҒЗИ-дың ішкі сапа жүйесін күшейтуге, СОП-тарды жетілдіруге, біліктілік пен валидацияға қажетті құжаттарды дайындауға, сондай-ақ биомедициналық өнімдерді әзірлеу және сапаны бақылау үдерістерінде халықаралық талаптарға сәйкестікті арттыруға ықпал етеді.

By admin