«Аса қауіпті індеттік ауралар зертханасы» зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Балжан Шайзадақызы Мырзахметованы 16.00.00 – «Ветеринария» мамандығы бойынша «ПРОФЕССОР» ғылыми атағын беруімен құттықтаймыз!
«Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 20 қазандағы № 1893 бұйрығымен бекітілген.
Ғылыми қызметіңізде зор табыстарға, жаңа жетістіктер мен шабытқа, кәсіби беделіңіздің арта беруіне тілектеспіз. Денсаулығыңыз мықты болып, шабыт пен сеніміңіз батыл ойларыңызды жүзеге асыруға, жаңа биіктерді бағындыруға және жарқын нәтижелерге жетуге қолдасын!
