2025 жылы 20 қазанда Астана медицина университетінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адам ресурстары департаменті және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға медициналық ЖОО-ның ғылым жөніндегі проректорлары, ғылыми-зерттеу институттары мен ұлттық орталықтардың өкілдері, сондай-ақ отандық медициналық журналдардың бас редакторлары қатысты. Институт атынан аталған іс-шараға бас директордың ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары О.В. Червякова мен «Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының техникалық редакторы М.Р. Абаева қатысты.
Дөңгелек үстел барысында еліміздегі медициналық ғылыми журналдарды дамытудың өзекті мәселелері қарастырылып, отандық басылымдардың сапасын арттыру, халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ету және жетекші әлемдік дерекқорларға енгізу бойынша перспективалық жоспарлар мен стратегиялар ұсынылды.
Сондай-ақ редакциялық этика мен ғылыми адалдық мәселелеріне, тәжірибе алмасу және ғылыми ұйымдар мен журнал редакциялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Институтта жылына төрт рет «Биологиялық қауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналы жарық көретінін хабарлайды.
Редакциямен байланыс үшін: journal.biosafety.kz электрондық поштасы жұмыс жасайды.

