2025 жылғы 6 наурызда Алматы қаласында, Ғылым ордасы ғимаратында, Халықаралық әйелдер күніне орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академик Найля Базанова атындағы отандық әйел ғалымдарға арналған алғаш рет марапаттау рәсімін салтанатты түрде өткізді. Іс-шараға отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан 400-ге жуық жетекші әйел ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.
Марапат иегерлерінің қатарында Институтымыздың бас ғылыми қызметкері, ғылым және коммерцияландыру жөніндегі бас директордың орынбасары – Червякова Ольга Викторовна бар! Бұл марапат – оның ғылымдағы зор еңбегінің, көпжылдық жемісті жұмысының және ғылыми зерттеулердің дамуына қосқан үлкен үлесінің айқын дәлелі.
Ольга Викторовна, Сізді шын жүректен марапатыңызбен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер, ғылыми жаңалықтар және зерттеулеріңізде сәттілік тілейміз! Зерттеулеріңіз әрдайым өз нәтижесін беріп, ғылымға және қоғамға пайдасын тигізе берсін. Шығармашылық шабыт пен ғылыми ізденістеріңіз таусылмасын, жаңа белестерді бағындыра беріңіз!