Бүгін, 12 қаңтар, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты «Індеттік аурулардың мониторингі» зертханасының бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Абеуов Хайрулла Біләлұлының туған күні.
Профессор Хайрулла Абеуов – биологиялық қауіпсіздік, ветеринариялық медицина, вирусология және биотехнология саласындағы отандық ғылымға зор үлес қосқан көрнекті ғалым. 350-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы, Хирша индексі (h-index) Web of Science бойынша – 5,0, Scopus бойынша – 5,0, оның ғылыми жетекшілігімен 8 магистрлік жұмыс қорғалған, қазіргі уақытта 6D120100 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша бір PhD докторанттың кеңесшісі болып табылады.
Құрметті Хайрулла Біләлұлы! Сізді айтулы мерейтойыңызбен – туған күніңіздің 60 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз. Мықты денсаулық, үлкен отбасылық бақыт, амандық, сарқылмас өмірлік күш-қуат, одан әрі шығармашылық табыстар тілейміз!