Ғылымда жүр бір азамат көңілі кең…
Ерлер көп қой қазақта елім деген.
Қиындыққа ешқашан берілмеген.
Ел намысын әрқашан биік қойып,
Мойымаған, қайтпаған, жеңілмеген.
Ерлер көп қой ғылымда мың қайнаған.
Ықыласын ғылымға шын байлаған.
Келгенде шын ғылымға «Мырыштай» боп
Қайнай-қайнай Құрышқа жүз айналған.
Қасиетті Жезқазған топырағы.
Киелі жер, қашанда мол мұралы
Атақты Сәтпаевтың тері сіңген
Темірдің мол қоры бар, сол – бұлағы.
Ғылымда жүр, бір азамат, көңілі кең.
Көрінеді баладай көңілінен
Жұмағали ағамыз алпыс жаста
Қасиетті Жезқазған өңірінен.
Еңбек етсе ұлдары таппай тыным,
Ата-анаға абырой бұл да бір сын.
Баласына ырза боп жатқан шығар,
Әруағы Қауқарбай ақсақалдың.
Әр бала анасынан алса бата.
Түспейді теріс жолға басқа қата.
Дұға айтып Жаратқанға ұлдарының
Сұрайды амандығын Аман апа.
Отбасының ұйытқысы Жанат апай,
Қиындыққа мойымай талай-талай.
Жүзге жеткін, қазына – қария боп ,
Ақ баталы, ақ жаулық, ақша самай.
Әке құты айналса дарияға,
Бақыт құсы қонады жанұяға.
Азамат боп өссін деп бақ тілейміз
Қос құлының Құрмет пен Мадинаға.
Бақытыңның басталар бұл да басы.
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
Парасатқа тұнғандай өне бойың,
Құтты болсын алпысқа толған тойың.
Еңбегіңнің жемісін көре бергін
Шалқысын ақ тілекпен мерейтойың!
Қуандық Жүгүнісов
Бүгін, 5 ақпан – биология ғылымдарының кандидаты,профессор, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зеррттеу институның «Індеттік ауруларды балау » зертханасының меңгерушісі Қошеметов Жұмағали Қауқарбайұлының туған күні.
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге денсаулық, қажымас қайрат, ғылыми-өндірістік қызметте шығармашылық идеяларды жемісті іске асыру, ең батыл жобаларды іске асыруда табыс, үлкен мақсаттарға қол жеткізуде табандылық тілейміз!