2024 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурс аяқталды.
ҚР Ұлттық Ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысының шешімі негізінде және ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №457 бұйрығымен бекітілген Академиктерді сайлау қағидаларына сәйкес «Агробиоресурстар және экология» бөлімі бойынша («ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» бағыты бойынша) академик атағы: Мұхит Бармақұлы Орынбаевқа берілді.
Мұхит Бармақұлын еңбегінің жоғары бағалануымен және академик құрметті атағының берілуімен құттықтаймыз! Оның ғылыми үлесі мен кәсібилігі отандық ғылымның дамуына үнемі елеулі үлес қосып келеді. Алдағы ғылыми зерттеулерде табыс, жаңалықтар ашуды және жетістіктер тілейміз!