2024 жылғы 12-14 қарашада «Биологиялық қауіпсіздік» консорциумының қатысушыларымен өзара іс-қимыл шеңберінде Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері «ЭЫДҰ GLP (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) тиісті зертханалық практикасының негіздері» тақырыбы бойынша 24 сағат көлемінде оқу курсын тыңдады. Бұл курс тиісті зертханалық практика (GLP) негіздерін, GLP пайда болуының (әзірленуінің) тарихи алғышарттарын, персоналды ұйымдастыруды, сапаны қамтамасыз етуді, зерттеулер жүргізуді және құжаттауды қамтыды. Курсты жоғары білікті маман С.Ю. Дубешко жүргізді.

Тиісті зертханалық практика (GLP) негіздері бойынша курсқа қатысу мамандарға төмендегідей мүмкіндік берді:

  • Зертханалық процестерді стандарттау, құжаттау және сапаны бақылауды қоса алғанда, GLP негізгі принциптерін зерттеу;
  • Күнделікті жұмыста GLP стандарттарының орындалуы үшін қажетті практикалық дағдыларды меңгеру;
  • Деректердің дәлдігіне, қайталануына және сенімділігіне кепілдік бере отырып, зертханалық зерттеулерді орындау үшін дайындық деңгейін арттыру;
  • Кәсіби өсуге және ұлттық деңгейде тануға ықпал ететін GLP саласындағы құзыреттіліктерін растайтын сертификаттар алу.

Жалпы, курс мамандардың кәсіби дағдыларын нығайтты, бұл өз кезегінде зертханалық зерттеулердің сапасын арттыруға және халықаралық стандарттарды енгізуге ықпал етеді.

By admin