2024 жылы 16-19 қазан аралығында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жас ғалымдар мен студенттердің ІІ халықаралық форумын өткізді.

    «Микробиология зертханасы» зертханасының ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының магистрі  М.К. Сармыкованы ғалымдар мен студенттердің ІІ Халықаралық форумы- «Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары» ХІ ғылыми конференциясы «Бактериофагтық препарат «streptophagum equi»: жылқы сақауын емдеудің жаңа тәсілі» атты баяндама жасап, құрметті I орын алуымен құттықтаймыз.

    «Биопрепараттардың дайын түрлерінің технологиясы зертханасы» зертханасының аға ғылыми қ   ызметкері, биология ғылымдарының магистрі Алиева А.Б.  ғалымдар мен студенттердің ІІ халықаралық форумы- «Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары» ХІ ғылыми конференциясында «Сиыр шешегі вирусына қояндардың сезімталдығын зерттеу» атты баяндама жасады.

    Сармыкова М.К.  және Алиева А.Б.  өткізілген форумда өздерінің кәсіби шеберлігімен «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының» беделін арттырды.

    Біздің жас ғалымдарымыз ғылым саласындағы жетістіктерімізді одан әрі дәріптеуде маңызды рөл атқарады.  Сіздерге ғылыми зерттеулерде жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз.

By admin