Азиз Құралбайұлы
биология ғылымдарының кандидаты, профессор, зертхана меңгерушісі
Биотехнология, вирусология, жасушалық технологиялар, сондай-ақ профилактикалық препараттарды әзірлеу және өндіру технологиялары саласының маманы. 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы, 18 авторлық куәліктің иегері.
2020 жылы Қазақстан Республикасында отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ғылым саласындағы жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен наградталған.
2024 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
2008 жылы Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы Ресей ғылым академиясының Цитология институтында;
2014 жылы Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде біліктілігін арттыру курстарынан өткен.
Зертхананың ғылыми зерттеу бағыттары:
- Медицина мен ветеринарияның әртүрлі салаларында жасушалық технологиялар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу.
- Диагностикалық және профилактикалық құралдарды алу үшін жасуша мәдениеттері банкін дамыту және қолдау.
- Вирусологияда, диагностикада және биомедициналық технологияларда қолдануға перспективалы жасуша желілерімен банкті кеңейту.
- Жасушаларды өсірудің (культивирлеудің) қолданыстағы технологияларын әзірлеу және жетілдіру.
- Препараттарды in vitro скринингтеу және дербестендірілген терапия мүмкіндіктерін кеңейту үшін жасуша мәдениеттерінің үшөлшемді модельдерін әзірлеу.
- Институттың ғылыми бөлімшелерін ғылыми зерттеулер жүргізу үшін және мемлекеттік тапсырыс бойынша вакциналық препараттарды өндіру үшін жасуша мәдениеттерімен қамтамасыз ету.
Зертхананың инновациялық әзірлемелері:
- Көз ауруларын емдеуге арналған «коллаген + лимбтың культивирленген өскін жасушалары» биоқұрылымы.
- Жасушаларды микрокапсулалау.
- Паспортизацияланған бастапқы және көшірілетін жасуша мәдениеттерін тұрақты сақтауға арналған мамандандырылған музей-банк.
- Бағаналы жасушаларды бөліп алу және культивирлеу бойынша әдістемелік әзірлемелер.
- Дәрілік препараттар, косметикалық құралдар, инсектицидтер және консерванттар ретінде қолданылуы мүмкін әртүрлі заттарды жасуша мәдениеттерінде скринингтеу.
Зертхананың негізгі жарияланымдары:

