ҚР БҒМ қаржыландыратын жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу бастамаларын ынталандыру мақсатында өткізілген 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттың иегерлері – Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі Ph.D. Нұрпейісова Айнұр Сұлтанқызы болып табылатын, жас ғалымдар тобын кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Жоба тақырыбының атауы: «Қазақстан Республикасының аумағындағы үй жануарлары арасында коронавирустың таралуына мониторинг жүргізу және оқшауланған коронавирус изоляттарының биофизикалық және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу».
Сіздерге сәттілік, ғылыми және кәсіби қызметте шығармашылық идеяларды жүзеге асыру, алға қойған мақсаттарға жетуге бел буу, оптимизм мен амандық тілейміз!