2021 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым Комитетің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-да (ҚР БҒМ ҒК БҚПҒЗИ) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі биотехнология, ветеринария және медицина үшін қазіргі заманғы сын-қатерлер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара арнайы шақырылған қонақтар, институт қызметкерлері, ғалымдардың  қатысуымен жүргізілді.

Жиында конференцияны ашу сәті ҚР БҒМ ҒК БҚПҒЗИ бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары Е.О. Абдураимовқа берілді.

 

Шараға қатысқан Қордай ауданы Әкімінің орынбасары Е.Ж. Мендекеев та өз құттықтау сөздерін айтып, институтымыздың қызметіне жоғары баға беріп жаңа шығармашылық табыстар тіледі.

 ҚР БҒМ ҒК БҚПҒЗИ ғалымдары: «Індеттік аурулардың алдын алу» зертханасының бас ғылыми қызметкері, профессор Ж. Қыдырбаев «Құс тұмауына қарсы инактивтелген вакциналарды әзірлеу», «Микроағзалар коллекциясы» зертханасының бас ғылыми қызметкері, профессор М. Мамбеталиев «ҚР БҒМ ҒК БҚПҒЗИ микроағзалар коллекциясының жалпы жағдайы және даму перспективалары».

Сондай-ақ «Аса қауіпті індеттік аурулар» зертханасының меңгерушісі, профессор Л.Б. Кұтымбетов «COVID-19 коронавирустық індетіне қарсы отандық вакцина» және «Фитосанитариялық қауіпсіздік» зертханасының меңгерушісі, профессор А.С. Рсалиев «Казақстан Республикасында фитосанитариялық қауіпсізікті қамтамасыз етудің ғылыми негіздері» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Институттың бас директоры К. Закарья өз сөзінде «Біз Қазақстандағы оң экономикалық өзгерістерді көріп отырмыз, бұл нағыз жетістік. Тәуелсіздік жылдарында барлық қиындықтарды еңсеріп, ел дамуы жаңа деңгейге шықты жәнеде жаңа биіктерге жетудеміз».

Институттың бас директоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай институттың қызметкерлеріне жоғары мемлекеттік наградалар мен грамоталарды салтанатты түрде табыс етті.

«Еңбек ері», «Халық алғысы», мемлекеттік наградаларымен, Институттың және Кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталған елеулі құрметтер институтымыздың ғалымдары мен қызметкерлерін бір серпімге көтергендей болды.

Құрметті біздің ғалымдар мен қызметкерлерімізге – зор денсаулық, сарқылмас қуат, өркендеу, бақыт пен амандық тілеп, Институтымыздың игілігі үшін болашақта жаңа ғылыми-өндірістік жаңалықтарға толы ұлы жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіз мол болсын!- демекпіз.

By admin