????????????????????????????????????

2021 жылғы 24 қыркүйекте Таиланд Корольдігінің бастамасы бойынша Таиланд Корольдігі Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Парадорн Рангсимапорн мырза «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытында болды.

Сапар барысында Парадорн Рангсимапорн мырза Институттың тарихымен және қызметімен қызығушылықпен танысты, сондай-ақ «QazVac» вакцинасының өндірісімен және оның «Спутник V», «Hayat-Vax», «Pfizer», «Sinovac-CoronaVac» және «AstraZeneca» сияқты әлемдік аналогтарынан айрықша ерекшеліктерімен танысты.

Институт басшылығы 2020-2022 жылдарға арналған «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде әзірленіп жатқан коронавирусқа қарсы мұнан өзге төрт вакцинаны (суббірлікті, тұмау вирусы және каприпоксвирус негізіндегі екі векторлық вакцинаны, тірі вакцинаны) әзірлеу туралы айтып берді.

Құрметті қонақ Институтымыздың өнімдерін ерекше қызығушылықпен қарап, Институт шығаратын әрбір биологиялық препараттың мақсаты мен құрамы туралы ақпарат алды. Кездесуде Институт өндіретін вакциналарды сатып алу мүмкіндігі, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы мәселелер талқыланды.

Сапар барысында Парадорн Рангсимапорн мырза біздің Институтпен ынтымақтастық жасасу туралы ниет білдірді.

Құрметті қонақпен кездесу соңында биологиялық қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп талқылау аясында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдау келісілді.

 

By admin