ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының Сovid-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны жасауы қазақстандық ғылым мен біздің вирусолог-ғалымдарымыздың мүмкіндіктерінің айғағы болды.
Сонымен қатар, KazVac құру – бұл success story, яғни, мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың табысы жайлы тарихы.
Бізде елімізде серпінді инновациялық жобалардың мысалдары бар ма? Осы және басқа да мәселелерді біз Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Азамат Батырқожамен талқыладық.
– Азамат Байқуанышұлы, қазақстандық вакцинаны жасау-барлық мүмкін күштер мен құралдар жұмылдырылған кезде «керек» деген сиқырлы сөздің өнімінен гөрі көп жылғы тиімді жұмыстың қисынды нәтижесі ме?
– Өкінішке орай, отандық вакцинаның пайда болу тарихы ережені растайтын ерекшелік болып табылады. Сондықтан да оны мұқият қарауға лайықы нарсе. Мәселенің барлық «медициналық» аспектілерін қалдырыңыз да басқарушылық мәселелерге назар аударыңызшы. Сонда, пандемияны өте үлкен қауіп ретінде түсіну отандық вакцинаны жасау қажеттілігі туралы саяси шешім қабылдауға әкелді. Міндет нақты қойылды-вакцина қажет. Мемлекеттік басқарудың отандық тәжірибесінде ерекше жағдай екенін мойындаймыз. Әдетте біздің әртүрлі сын-қатерлер мен қауіптерге берген жауабымыз ведомствоаралық жұмыс тобын құру, отырыстар өткізу, әрбір ведомствоның мүдделерін ескеретін ұсыныстар енгізу, басшылардың аппараттық салмағын және Қаржы министрлігінің ерекше ұстанымын көрсететін келісілген ұстанымды әзірлеу болып табылады. Нәтижесінде тұжырымдама немесе ұзақ мерзімді бағдарлама немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа құжаты қабылданады. Ал, жұмыстың нәтижесі өткізілген іс-шаралар саны мен игерілген ақша мөлшерінде көрсетіледі.
– Бірақ KazVac жағдайында, біз көріп отырғанымыздай, бәрі біраз басқаша болды?
– Ақша жедел және қажетті көлемде бөлінді. Иә, әрине, вакцина шығаратын зауыттың құрылысы біздің еліміздегі кез-келген құрылыс сияқты жүрді: мерзімі біткен, құрылыс құны 1,6 млрд теңгеге өсті. Бірақ жалпы мәселе шешілді.
Осы жылдың басында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, нормалары мен ережелеріне назар аударып, кеңестерін тыңдайтын Қазақстан OECD Science, Technology and Innovation Outlook 2021: Times of Crisis and Opportunity ғылыми-технологиялық және инновациялық саясат жөніндегі жыл сайынғы баяндамасын жариялады.
Баяндамада пандемия жағдайындағы ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатқа шолу жасалды, сондай-ақ осы саясаттың тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Және олар келесіден басталады:»қазіргі дағдарыс саясат инновациялық күш-жігерді қажет болған жерге бағыттай алуы керек екеін еске салады».
Баяндама авторлары «еске салу» (reminder) сөзін қолдануы кездейсоқ емес. Яғни, әңгіме бәрімізге жақсы мәлім басымдықтар жайлы болмақ.
– Шамасы, еске салғызатын ғана емес, сонымен қатар, вакцина жағдайынан сабақ алу және жалпы ҒЗТКЖ-ға назар аудару уақыты келді ме?
– Бұл тәсіл жұмыс істейді екен-біз бұған вакцина жасау кезінде көз жеткіздік. Ол болашақта да, егер де біз ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру көлемін ұлғайтатын болсақ, нәтижесін береді. Қазір біз 0,12% жұмсаймыз – бұл өте аз. Бұл көрсеткіш бойынша біз рейтинг көшбасшыларынан ғана емес, сонымен қатар Израиль мен Оңтүстік Кореядан да артта қалып отырмыз, онда ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 5%-ын құрайды. Сондай-ақ, біз Руандадан (0,7%), Вьетнамнан (0,5%) және Намибиядан (0,3%) да артта қалып отырмыз.
Сол арқылы біз сыртқы нарықтарға, яғни неғұрлым дамыған экономикаларға, шикізат жеткізуші мәртебемізді нығайтатын боламыз. Бұл ретте біздің экономикамыздың жай-күйі бұрынғысынша Үкіметтің шешімдерінен емес, Нью-Йорк қор биржасының мұнай котировкасы мен Лондон металдар биржасының ахуалына байланысты болады.
– Осы тұста, – не істейміз? – деген баяғы сұрақ туындайды.
– Егер 2025 жылға қарай ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығыстарды ЖІӨ-нің 1%-ына дейін кезең-кезеңімен ұлғайту бағдарламасын қолданатын болсақ, біз жыл сайын базалық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экономиканың декларативті диверсификациясынсыз жаңа салаларын құру үшін, басым міндеттерді шешуге қосымша ақша жұмсай аламыз.
ҚР президенті Қ.-Ж. Тоқаев белгілеген ҒЗТКЖ-ға ЖІӨ-нің 1% -ы 2025 жылға қарай біздің ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетімізді айтарлықтай күшейтеді. Бірақ экономиканың ғылымды қажетсінуі шеңберінде алдыңғы қатарлы және жаңа сапалы шептеріне шығу үшін 1%-ды ҒЗТКЖ-ға арналған шығындарды ҒЗТКЖ-ға арналған ЖІӨ-нің «лидерлік» 3-5%-ына дейін одан әрі арттыру жолындағы бірінші кезең ретінде қарастырған жөн.
Негізгі мәселе – ресурстарды бөлу және қажетті жағдайларды жасау вакцина жасау кезіндегідей болуы керек. Яғни басқарушылық бағдарламалық-стратегиялық тәсіл жедел және директивалық ғылыми-технологиялық жобаны қамтамасыздандыруға жол беруі тиіс.
Бұл бізге мынандай мүмкіндікдерді береді:
біріншіден, Қазақстан экономикасының негізгі салаларының ұзақ мерзімді технологиялық даму стратегиясын құру;
екіншіден, ғылымның, бизнестің және даму институттарының басым жобалары төңірегіндегі ынтымақтастығы үшін жағдайлар (оның ішінде қаржылық) жасау;
үшіншіден, даму институттары қызметінің тиімділігін арттыру, шығындарды оңтайландыру.
Тағы бір маңызды сәт. Ол, ресурстардың шынымен маңызды және қажетті нәрселерге бөлінуі үшін, салалардағы ғылыми-технологиялық саясаттың басымдықтарын анықтаумен шенеуніктер емес, мамандандырылған мамандар, ғалымдар мен практик-сарапшылар айналысуы керек. Бірақ бұл бөлек тақырып және ол ерекше маңызды әңгімеге лайықты.
– Әңгімеңізге рахмет!
– Сізге Рахмет!