Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев QazCovid-in вакцинасын әзірлеуге қатысқан ғалымдар мен барлық мамандарға алғыс айтты.

«QazCovid-in вакцинасының алғашқы партиясы еліміздің өңірлеріне келіп түсті. Вакцина өндірісінің көлемі барлық азаматтарға қол жетімді болуы үшін ұлғайтылатын болады. Қазақстан өз вакцинасын жасаған санаулы мемлекеттердің бірі болды. Оны әзірлеуге қатысқан ғалымдар мен барлық мамандарға алғысымды білдіремін», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

22 сәуірде Жамбыл облысында қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді.

QazCovid-in-50 мың доза. Отандық препаратпен егу 26 сәуірде басталады.

Мамыр айында тағы 50 мың доза шығарылады деп күтілуде. Болашақта препарат өндірісі біртіндеп айына 500-600 мың дозаға дейін артады.

https://informburo.kz/novosti/tokaev-proizvodstvo-kazahstanskoj-vakciny-budet-uvelicheno-chtoby-sdelat-eyo-dostupnoj-vsem-grazhdanam

By admin