2020 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевпен бірге БҚПҒЗИ-ына жұмыс сапарымен барды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары О.М. Смағұловтың, Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовтің, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шорановтың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ.А. Өскенбаевтың, Қаржы бірінші вице-министрі
Б.Ш. Шолпанқұловтың, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.А. Әзілхановтың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ж. Шапкеновтің, Ұлттық экономика вице-министрі
Е.А. Алпысовтың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары Б.Қ. Тортаевтың, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары А.А. Әубәкіровтың, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұ.Е. Жазылбектің, Қордай ауданының әкімі
Р.Р. Дәулеттің қатысуымен Институтты көру барысында «ҚР БҚПҒЗИ-дағы тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттарды шығару жөніндегі биофармацевтикалық зауыттың құрылысы» жобасы бойынша құрылыс алаңы қаралды. «Ка-Строй ЛТД» ЖШС құрылыс компаниясының басшылығы құрылыстың ағымдағы процесімен таныстырды, сондай-ақ биофармзауытқа арналған жабдықты сатып алу процесі туралы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Институттың ғылыми және өндірістік қызметімен танысты.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың назарына БҚПҒЗИ қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі үйдің құрылысы ұсынылды. Сондай-ақ, БҚПҒЗИ қызметкерлеріне арналған 2-ші және 3-ші үйлердің құрылысын келісу мәселелері көтерілді.
Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжанов БҚПҒЗИ-ды одан әрі дамытудың негізгі проблемалары бойынша жұмыс кеңесін өткізіп, осы проблемаларды шешуде бірқатар міндеттер қойды.