Биологиялық және санитарлық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Таболдиев Дүйсен Рысқұлұлы
Биологиялық және санитариялық қауіпсіздік бөлімі 1958 жылдың 20 қазанынан бастап санитариялық өткізгіш ретінде жұмыс істей бастады. 1962 жылы бөлім ретінде құрылды.
Кейіннен бөлім бірнеше рет қайта аталынды. 1974 жылы №10 бөлім болып өзгертілді, 1985 жылы ветеринариялық-санитариялық бөлім болып өзгертілді. Биологиялық және санитариялық қауіпсіздік бөлімі БҚПҒЗИ бөлімшесі ретінде 2006 жылдың сәуір айында ветеринариялық-санитариялық бөлімнің базасында құрылды.
Құрылған бөлімнің негізгі функциялары ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарды орындау кезінде институт қызметкерлерінің ветеринариялық-санитариялық және эпидемияға қарсы талаптарды сақтауын бақылау болып табылады соынмен қатар қатты қалдықтарды кәдеге жарату кезінде экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ сұйық қалдықтарды залалсыздандыру жүйесін ұстап тұру, зертханалар ішінде патогендердің қозғалысын бақылауды қамтамасыз ететін жүйелерді жетілдіру және инфекциялардың институт шегінен шығарылуын болдырмау.
Бірінші бөлім меңгерушісі болып 1963 жылы Н.Ф. Ярош тағайындалды, сол жылы, оның орнына Е.А. Усиков ауысты, кейінгі жылдары бөлімді К.Г. Глаголевский (1963-1965 жж.), в.ғ.к. М. Лохмотов, (1965-1966 жж.), Н.И. Иванов (1966-1974 жж.), Б.П. Карпов (1974-1984 жж.), в.ғ.к. А.И. Благарь, (1985-1996 жж.), Т. Шолпанқұлов (1996-2000 жж.), М.Н. Сарсенбеков (2001-2002 жж.), Ю.В. Колбин (2002-2003 жж.), А.А. Яценко (2003-2006 жж.), Н.Ф. Кормакова (Фоменко) (2006-2007 жж.) және Б.К. Бурабаев (2007-2020 жж.) басқарды. 2020 жылдың мамыр айынан бастап бөлімді Таболдиев Дүйсен Рысқұлұлы басқарады.
Негізгі міндеттері:
- Институт басшылығымен, ғылыми жобалар басшыларымен және институт зертханалары мен бөлімдерінің меңгерушілерімен бірге институттың биологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеу, енгізу, жаңарту және бақылау.
- Биологиялық қатерлерді басқару бағдарламасын әзірлеу, енгізу және үйлестіру.
- Институт бас директорының режим жөніндегі орынбасарымен және бас инженерімен бірге биологиялық қорғауды күшейту бойынша шаралар әзірлеу.
- Биологиялық қауіпсіздік талаптарын және оларды сақтау және сүймелдеу шараларын регламенттейтін ұйым стандарттарын және басқа да нормативтік-нұсқаулық құжаттарды әзірлеу және енгізу.
- Ғылыми-техникалық бағдарламалардың, техникалық регламенттердің, стандартты операциялық процедуралардың және институтта әзірленетін өзге де реттеуші құжаттардың биологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу.
- Ғылыми, қосалқы және техникалық персоналды қауіпсіз жұмыс әдістері мен тәсілдерін және биологиялық қауіп-қатерлерді төмендетуді жөніндегі оқыту бағдарламаларын әзірлеу және бақылау.
- Биологиялық қатерлерге алдын ала бағалау жүргізу және оның негізінде институт зертханаларында патогендермен қандай да бір жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру.
- Биологиялық қауіпсіздік талаптарын және оларды сақтау және қолдау шараларын регламенттейтін ұйым стандарттарын және басқа да нормативтік-нұсқаулық құжаттарды жоспарлы валидациялауды жүзеге асыру.
- Зертхана ғимараттарын салу, қайта құру және қайта жоспарлау кезінде биологиялық қауіпсіздік стандарттары мен талаптарының сақталуын қадағалау.
- Биологиялық қауіпсіздіктің жаңа халықаралық стандарттарының пайда болуын қадағалау, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу және биологиялық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарын регламенттейтін жаңа отандық нормативтік актілердің күшіне енуі және осы ақпаратты барлық мүдделі тұлғаларға жеткізу.
Негізгі жетістіктері:
БҚПҒЗИ изоляторларында қабылдағыш жануарларда патогендерді зерттеуге байланысты биологиялық қатерлерді бағалауға арналған форман әзірленді және биологиялық қатерлерді анықтау, оларды төмендету немесе жою жөніндегі шараларды анықтау үшін енгізілді.
Негізгі жарияланымдары:
– Бурабаев Б.К., Джекебеков К.К., Сансызбай А.Р. Опыт внедрения стандарта CEN CWA 5793:2008 и перспективы внедрения стандартов CWA 16335:2011 и CWA 16393:2012 в практику НИИПББ // Международная конференция EBSA 2017 год.2017
– Джекебеков К.К., Бурабаев Б.К., Молдагулова С.У., Джалдыбаева А.Е. Основные этапы становления системы биологической безопасности в НИИПББ // Матер. междунар. науч.-практ. конф., посв. 80-летию заслуженного ученого, профессора В.Л. Зайцева, пгт. Гвардейский 13 июля 2015 года. – Гвардейский, 2015. – С.98-100
– Джекебеков К.К., Сансызбай А.Р, Бурабаев Б.К., Сулейманова Г.А. Оценка количественного и качественного состава выбросов в атмосферу на примере Научно – исследовательском институте проблем биологической безопасности (НИИПББ) Журнал «Ізденістер, нәтижелер» («Исследования, результаты») – КазНАУ 2013
– Кормакова Н.Ф. Бурабаев Б.К. Кубегенова Н.Г. Валиева А.Д. Джекебеков К.К. Кишиков Е.Т. Сансызбай А.Р // Развитие и обеспечение программы биобезопасности и биозащиты в НИИПББ. Материалы межд. научно-практ. конф. «Современное экологическое состояние Приаралья, перспективы решения проблем». – 2011
– Кошеметов Ж.К., Нурабаев С.Ш., Матвеева В.М., Ажибаев А.Ж., Бурабаев Б.К., Корягина М.И., Бурабаев А.А., Абдураимов Е.О. Сравнительная оценка выделенных различными методами вирусспецифических иммуноглобулинов против вируса чумы мелких жвачных животных в лабораторных тест-системах // Матер. междунар. науч.-практ. конф., посв. 50-летию НИИ проблем биологической безопасности «Биотехнология в Казахстане: проблемы и перспективы инновационного развития», Алматы, 19-21 мая 2008 года. — Алматы, 2008. – С. 350- 353.
– Белоусов В.Ю., Кошеметов Ж.К., Бурабаев Б.К. Причины падежа овец и коз в Республике Таджикистан в 2006 году // Матер. междунар. науч.-практ. конф., посв. 50-летию НИИ проблем биологической безопасности «Биотехнология в Казахстане: проблемы и перспективы инновационного развития», Алматы, 19-21 мая 2008 года. — Алматы, 2008. – 449-450 б.
Даму болашағы:
Институттың барлық бөлімшелерінде биологиялық қатерлерді басқару жүйесін енгізу.
Биоқауіпсіздік пен биоқорғауды үздіксіз жетілдіру.
Әрбір қызметкердің жұмыс учаскесіндегі биологиялық қауіпсіздік үшін дербес жауапкершілігін қалыптастыру.
Е-mail: ribsp@biosafety.kz
Жұмыс телефоны: +7726(36)7-22-28, ішкі 139