Молекулалық биология және гендік инженерия зертханасы

 

Зертхана меңгерушісі Сұлтанқұлова Күлайсан Тұрлыбайқызы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор. Молекулалық биология және гендік инженерия саласының маманы, 190-нан аса ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті  ұсынған журналдарда 60 ғылыми мақала, Thomson Reuters импак-факторы нөлдік емес, соның ішінде Scopus-пен рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда 13 мақала, 34 өнертабыс, 5 монография және 1 оқу-әдістемелік құрал жарияланған. Халықаралық және республикалық конференциялардың материалдарында 40-тан астам баяндамаларының тезистері жарияланды. Web of Science және Scopus бойынша Хирш индексі (h-индекс) – 4,0. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Алғыс хатымен» марапатталған. 2018 жылы ҚР БҒМ «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Негізгі міндеттері:

Биоинформатика. Эволюциялық геномика, эволюциялық шежірені құрастыру, дифференциалды экспрессияның деректерін талдау, секвенирлеу, микрочиптер деректерін талдау.

Молекулалық диагностика. Диагностикалық ПТР сынақ-жүйелерін әзірлеу және өндіріске енгізу. Микрочиптер технологиясын пайдалана отырып адамдардың, жануарлар мен құстардың аса қауіпті індеттерін балау әдістерін әзірлеу.

Иммунды биотехнология. Адамдар мен жануарлардың ауру қоздырғыштарының рекомбинантты антигендерін алу. Адамдар мен жануарлардың вирусты және бактериялық індеттері қоздырғыштарының рекомбинантты антигендерін продуцент-штаммдарын алу.

Молекулалық вирусология. Жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алуға арналған вакцина әзірлеуде қолданылатын каприпоксвирустардың рекомбинантты штаммдарын алу.  

Негізгі жетістіктер:

  • Тұмауды балауға арналған олигонуклеотидті микрочип;
  • Құстардың инфекциялары – құс тұмауының вирусын, Ньюкасл ауруын, тауықтардың жұқпалы бурситін, құстардың жұқпалы бронхитін балауға арналған олигонуклеотидті микрочип;
  • Бруцеллез кезінде антиденелерді анықтауға арналған ақуызды микрочип;
  • Полимеразды тізбекті реакция әдісі арқылы А/Н5 тұмауын зертханалық балауға арналған тест-жүйе;
  • Полимеразды тізбекті реакция әдісі арқылы ірі қара малдың нодулярлық дерматитін зертханалық балауға арналған сынақ-жүйе;
  • Қой күлі, нодулярлық дерматит вирусының, аусыл вирусының, бруцеллалардың рекомбинантты антигендері және осы рекомбинантты антигендердің продуцент-штаммдары;
  • Қой күлінің бөгде гендерді экспрессиялайтын  рекомбинантты вирустары;
  • Қой күліне қарсы рекомбинанттық вакцина.

Негізгі жарияланымдары:

Sultankulova K.T., Chervyakova O.V., Kozhabergenov N.S., Shorayeva K.A., Strochkov V.M., Orynbayev M.B., Sandybayev N.T., Sansyzbay A.R., Vasin A.V. Comparative Evaluation of Effectiveness of IAVchip DNA Microarray in Influenza A Diagnosis // The Scientific World Journal. – 2014. – 11. – Р. 1-11.

Sadikaliyeva S.O., Sultankulova K.T., Shorayeva K.A., Strochkov V.M., Chervyakova O.V., Zaitsev V.L., Tabynov K.K., Sandybayev N.T., Sansyzbay A.R., Egorov A.Y. Genetic stability of the HA, NA, and NS genes of the recombinant vector virus Flu-NS1-124-Omp16 (H5N1) expressing the brucellar gene // Vopr Virusol. — 2015. — 60(4):18-23.

Kulyaisan T. Sultankulova, Nurlan S. Kozhabergenov, Vitaliy M. Strochkov, Yerbol D. Burashev,Kamshat A. Shorayeva, Olga V. Chervyakova, Nurkuisa M. Rametov, Nurlan T. Sandybayev, Abylay R. Sansyzbay, Mukhit B. Orynbayev New oligonucleotide microarray for rapid diagnosis of avian viral diseases // Virology Journal. – 2017. — 14:69.

Olga V. Chervyakova, Valentin L. Zaitsev, Bulat K. Iskakov Elmira T. Tailakova, Vitaliy M. Strochkov, Kulyaison T. Sultankulova, Nurlan T. Sandybayev, Culshan E. Stanbekova,  J, Yergali O. Abduraimov, Muratbay Mambetaliyev, Abylay R. Sansybay Natalia Y. Kovalskaya, Lev. G. Nemchinov,  Rosemarie Hammond Recombinant Sheep Pox Virus Proteins Elicit Neutralizing Antibodies // Viruses. – 2016. – 8. – 159.

Mukhit Orynbayev, Kulyaisan Sultankulova, Abylay Sansyzbay, Rashida Rystayeva, Kamshat Shorayeva  Biological characterization of Pasteurella multocida present in the Saiga population  // BMC Microbiology. – 2019. — 19:37.

Ұсынатын қызметтер түрі:

– Адамдар мен жануарлардың вирустық және бактериялық індеттері  қоздырғыштарының рекомбинантты антигендерінің продуцент-штаммдарын алу;

– ДНҚ фрагменттерін құрастыру, гендерді синтездеу, гендік-инженерлік құрылымдарды құрастыру;

– Ғылыми және клиникалық диагностикалық ұйымдар үшін ПТР, ДНҚ секвенирлеу жүргізу;

– Негізгі молекулалық-генетикалық әдістерді үйрету, тренингтер өткізу.   

Е-mail: ribsp@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 137