Зертхана меңгерушісі Шораева Камшат Абитхановна, PhD. Катализ, органикалық, физикалық және биологиялық химия саласындағы маман. 60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 өнертабысқа авторлық куәліктің авторы. Web of Science және Scopus бойынша Хирш индексі (h -index) – 4,0. 2020 жылы ҚР БҒМ «Алғыс хатымен» марапатталды. 2021 жылы COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы QazVac вакцинасын әзірлеу және өндіру саласындағы еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Негізгі міндеттері:
- «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ИСО/МЭК 17025 талаптарына сәйкес биологиялық препараттардың сапасына технологиялық және биологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу (аккредиттеу аттестаты №KZ.T.08.1389);
- Биопрепараттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша нормативтік құжаттаманы әзірлеу;
- Биопрепараттарды тіркеу сынақтарын ұйымдастыру және өткізу;
- Медициналық иммунобиологиялық препараттардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарын ұйымдастыру және жүргізу.
Негізгі жетістіктер:
Ірі қара мал обасы, жылқы тұмауы, Ауески ауруы, құс тұмауы және А және О типті аусылға қарсы инактитвлеген вакциналарды жасау технологиялары әзірленді;
- Ірі қара мал обасы, құс тұмауы, аусыл және т.б. аса қауіпті инфекциялар кезінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірленді.;
- жануарлар мен құстардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларына эпизоотологиялық мониторинг жүргізу қағидалары жасалды;
- ҚР-да құс тұмауына қарсы күрес стратегиясы, жоғары патогенді құс тұмауының ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаттары әзірленді;
- Құс тұмауының әлеуметтік-экономикалық салдарын төмендетуге бағытталған ұсыныстар әзірленді;
- «Қазақстан Республикасының биологиялық өнеркәсіп кәсіпорындарында тұмауға қарсы инактивтелген вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістері бойынша Ұлттық талаптар» әзірленді;
- Денсаулық сақтау саласына тұмауға қарсы инактивтелген вакцинаның (ОРИД, ИФТ, Лал-тест) сапасын бақылау әдістемесі пысықталды;
- Денсаулық сақтау саласына тұмауға қарсы инактивтелген вакцинаның тәжірибелік серияларына клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар жүргізілді (Kazfluvac® – A/H5N1 тұмауына қарсы инактивтелген вакцина және Refluvac® – A/H1N1 тұмауына қарсы инактивтелген вакцина);
- Денсаулық сақтау саласына арналған маусымдық тұмауға қарсы үш валентті сплит вакцинасының эксперименттік серияларына клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар жүргізілді.
Негізгі жарияланымдары:
- Nurpeisova A.S., Kydyrbayev Zh.K., Tabynov K.K., Valdovska A., Kozhamkulov Y.M., Inkarbekov D.A., Mailybayeva A., Jekebekov K.K., Abitayev R.T., Assanzhanova N.N., Khairullin B.M. Optimizing conditions for culturing subtype Н7 influenza viruses to update the strain composition of a commercial inactivated emulgated vaccine // News of the national academy of sciences of the republic of Kazakhstan series of agricultural sciences ISSN 2224-526Х Volume 2, Number 56 (2020), 47-53 https://doi.org/10.32014/2020.2224-526X.12.
- Mamadalyiev S., Nurpeysov A.*,Khairullin B., Kasenov M.M., Bogdanov N., Kydyrbaev Zh., Abduraimov Y., Volgin E., Kondybayeva Zh., Issagulov T., Sarsenbayeva G., Kiselev O., Tsybalova L., Migunov A., Stukova M., Zaytseva M., Satybaldieva Zh., Shin S., Shnaukshta V. Preclinical Testing of Refluvac®, A Vaccine Against Pandemic Influenza A/H1N1V // Journal of Applied Environmental and Biological Sciences, V. 1(3), P. 48-53.
- Sarsenbayeva G.J., Khairullin B.M., Kasenov M.M., Sansyzbay A.R., Volgin Y.N., Nurpeisova A.S., Issagulov T.E., Bogdanov N.V. Comparative Study of Methods for Extraction of Highly Purified Hemagglutinin from H5N1 Influenza Virus Recombinant Strain (A/Astana/6:2/2009) // Journal of Applied Environmental and Biological Sciences. 3(11), P. 29-35.
- Sansyzbay A.R., Erofeeva M.K., Khairullin B.M., Kasenov M.M., Sandybayev N.T., Kydyrbayev Zh.K., Mamadaliyev S.M., Sergeeva M.V., Romanova J.R., Krivitskaya V.Z., Kiselev O.I., Stukova M.A. An Inactivated, Adjuvanted whole virion clade 2.2 H5N1 (A/chicken/Astana/6/05) influenza vaccine is safe and immunogenic in a single dose in hu-mans // Clinical and Vaccine Immunology. Vol. 20, Number 8, P.1314-1319. https://doi:10.1128/CVI.00096-13.
- Sarsenbayeva G.J., Khairullin B.M., Kasenov M.M., Sansyzbay A.R, Volgin Y.N., Nurpeisova A.S., Issagulov T.E., Bogdanov N.V., Volgin Y.N., Issagulov T. E., Bogdanov N.V., Nurpeissova A.S., Kasenov M.M., Sagymbai A., Abitay R., Stukova M.A., Sansyzbay A.R., Khairullin B.M. Comparative Study of Methods for Extraction of Highly Purified Hemagglutinin from H5N1 Influenza Virus Recombinant Strain (A/Astana/6:2/2009) // Journal of Applied Environmental and Biological Sciences 3(11), P. 29-35.
- Sarsenbayeva G., Volgin Y., Issagulov T., Bogdanov N., Sansyzbay A., Kasenov M.M., Abitay R., Nurpeissova A., Sagymbay A., Kochemetov Zh., Stukova M., Buzitskaya Zh., Kulmaganbetov I., Karabaeva D., Davlyatshin T., Khairullin B. Safety and immunogenicity of the novel seasonal preservative- and adjuvant-free influenza vaccine: blind, randomized and placebo-controlled trial // Journal of Medical Virology. Volume 90. P.41-49. http://doi:10.1002/jmv.24922.
- Sarsenbayeva G., Volgin Y., Issagulov T., Bogdanov N., Kasenov M.M., Sansyzbay A., Kulmaganbetov I., Stukova M., Buzitskaya Zh., Davlyatshin T., Khairullin B. Immunogenicity and safety of a novel seasonal influenza preservative-free vaccine manufactured in Kazakhstan: Results of a randomized, comparative, phase II clinical trial in adults // Human Vaccines & Immunotherapeutics. Vol. 14, No.3. P. 609-614, http://dx.doi.org/10.1080/21645515.2017.1387345.
- Nurpeisova, A. Makbuz, A.Sansyzbay, A.Voldovska, B. Khairullin, Kasenov M. Assessment of the immunogenicity and protective effectiveness of Refluvac® in mice challenged with a pandemic A/H1N1 influenza // Research for rural development. Vol. 1. P. 271-276, http://doi:10.22616/rrd.24.2018.043.
- Nurpeisova A., Rametov N., Tabynov K., Volgin Ye., Sagymbay A., Makbuz A., Kasenov M., Sansyzbay A., Khairullin B. Analysis of Efficacy of Adjuvant-based Inactivated Pandemic H5N1 Influenza Virus Vaccine // Archives of Virology, International scientific journal, Springer Vienna. – Vol. 164(4), Р. 1027-1036. http://doi:10.1007/s00705-019-04147-7.
- Sarsenbayeva G., Issagulov T., Volgin Y., Abitay R., Bogdanov N., Sansyzbay A., Kasenov M., Pisareva M., Stukova M., Кulmagambetov I., Davlyatshin T., Nurpeisova A., Kutumbetov L., Khairullin B. Safety and immunogenicity of trivalent inactivated influenza vaccine in adults 60 years of age and older: a phase II, a randomized, comparative trial in Kazakhstan // Human Vaccines & Immunotherapeutics. P.1-7. http://doi:10.1080/21645515.2019.1705691.
- Mamadaliyev S., Sandybayev N., Kydyrbayev Zh., Khairullin B., Zaitsev V., Mambetaliyev M., Kassenov M., Chervyakova O., Ryskeldinova Sh., Volgin Y., Nurpeisova A., Bogdanov N., Sarsenbayeva G., Kiselev O., Tsybalova L., Grudinin M., Migunov A., Stukova M. Basic results of development of a production technology and control of a pandemic influenza A/H5N1 vaccine // Influenza and Other Respiratory Viruses. Vol. 5, S.1. P. 350-353. https://doi.org/10.1111/j.1750-2659.2011.00209.x
- Mamadaliyev S., Sandybayev N., Kydyrbayev Zh., Khairullin B., Zaitsev V., Mambetaliyev M., Kassenov M., Chervyakova O., Ryskeldinova Sh., Volgin Y., Nurpeisova A., Bogdanov N., Sarsenbayeva G., Kiselev O., Tsybalova L., Grudinin M., Migunov A., Stukova M. Development of production technology and pre-clinical testing of a pandemic influenza A/H1N1 vaccine // Influenza and Other Respiratory Viruses. 5, S.1. P. 354-357. https://doi.org/10.1111/j.1750-2659.2011.00209.x
- Khairullin B., Zakarya K., Orynbayev M., Abduraimov Y., Kassenov M., Sarsenbayeva G., Sultankulova K., Chervyakova O., Myrzakhmetova B., Nakhanov A., Nurpeisova A., Zhugunissov K., Assanzhanova N., Nurabayev S., Kerimbayev A., Yershebulov Z., Burashev Y., Kulmagambetov I., Davlyatshin T. Efficacy and safety of an inactivated whole-virion vaccine against COVID-19, QazCovid-in®, in healthy adults: A multicentre, randomised, single blind, placebo-controlled phase 3 clinical trial with a 6-month follow-up. EClinicalMedicine 2022:50:101526.
- Nurpeisova A., Khairullin B., Abitaev R., Shorayeva K., Jekebekov K., Kalimolda E., Kerimbayev A., Akylbayeva K., Abay Zh., Myrzakhmetova B., Nakhanov A., Absatova Zh., Nurabayev S., Orynbayev M., Assanzhanova N., Abeuov K., Kutumbetov L., Kassenov M., Abduraimov Y., Zakarya K. Safety and immunogenicity of the first Kazakh inactivated vaccine for COVID-19 // Human Vaccines and Immunotherapeutics. https://doi:10.1080/21645515.2022.2087412. 2022 г.
Көрсететін қызметтері:
- Зертханалық диагностикаға арналған вирустық вакциналар мен тест-жүйелердің негізгі биологиялық, физика-химиялық және иммунобиологиялық көрсеткіштерін бағалау.
- Вирустық вакциналардың зиянсыздығы мен иммуногенділігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізу.
- Жаңа биопрепараттарға клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар жүргізу.