Зертхана меңгерушісі Азиз Құралбайұлы Наханов, биология ғылымдарының кандидаты. Жасушалар биотехнологиясы және цитология саласының маманы. Жасушалық терапияға арналған биосыйысымды полимерлерге жасушаларды микроинкапсулдау әдісін әзірлеуші. Оның тікелей қатысуымен зертхананың жаңа бағытында – дің жасушаларын алу және оларды алмастырушы ұлпалық және жасушалық терапия үшін қолдану жұмыстары басталды. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 11-і шетелдік басылымда жарық көрген, 6 авторлық куәлік және 1 монография бар. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталған.
Негізгі міндеттері:
- жасушалық культуралардың мұражайлық және өндірістік банкін толықтыру және қалпында сақтау;
- институттың вирусологиялық зертханаларын жасушалық культуралармен қамтамасыз ету.
- жасушалық культураларды заманауи деңгейде пайдалана отырып, жұмыстарды дамыту үшін жағдай жасау;
- жасушалық культуралар бойынша деректер базасын құру;
- дің жасушаларын, олардың бағытталған саралануын зерттеу;
- культурадағы жасушаның биологиясын зерттеу, жаңа жасушалық желілерді құру;
- алмастырушы тіндік және жасушалық терапия үшін жасушалық технологияларды әзірлеу.
Негізгі жетістіктері:
– көз ауруларын емдеуге арналған «коллаген + культивацияланған лимба өсінділік жасушалары» биоқұрылымын қолдану;
– дің жасушаларынан жасушаларды микрокапсулалау;
– төлқұжатталынған бастапқы және қайта өнідірілетін жасушалар культураларының тұрақты сақтаушы арнайы банк-музейі;
– науқастарды трансплантация әдісі арқылы емдеуге арналған бета-жасушаларды алу;
– дәрі-дәрмек, косметикалық құрал, инсектицид, консервант ретінде қолданылуы мүмкін түрлі заттектерді жасушалаық культураларда сынау.
Негізгі жарияланылымдары:
– Bitov N.T., Nakhanov A.K., Ibraimova N.M., Mamadaliyev S.M., Sharipov I.K., Bolegenova N.K., Djansugurova L.B. Cytogenetic study of hemopoietic stem cells // Agriculture and biology journal of North America. – 2010. — Vol. 1(2). — P. 124-129.
– Жаппарова Г.А., Наханов А.К., Сансызбай А.Р. Альгинат қабықшасында лимбальды бағаналы жасушалардың адгезиялық қасиеттерін зерттеу // Қазақстан офтальмологиялық журналы. — 2013. — № 4. — б.55-59.
– Турсуналиев С.Т., Наханов А.К., Кыдырбаев Ж.К., Гоцкина Н.М., Ногойбаева Р.С. Ұлпа инженериясы үшін қой өңешінің жасушасыз матрицасын алу // ҚазҰМУ жаршысы. — 2015. — №2. — б. 500-503.
– Жаппарова Г.А., Наханов А.К., Аманова Ж.Т., Хайруллин Б.М. Шексіз көбейетін ҚБ торшаларының жоғары сапалы клондарын қой күлі вирусын өсіруге қолдану// Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы. — 2016. — № 3 (75). — б. 114-117.
– Мырзахметова Б.Ш., Кутумбетов Л.Б. Қозылардын бүйрегі мен ұрығынан алынған алғашқы жасушалардын нодулярлы дерматит вирусына сезімталдылығы // Зерттеулер. Нәтижелер. – 2018. — № 4.
– Мырзахметова Б.Ш., Кутумбетов Л.Б. Ағзадан тыс in vitro жағдайында қозы мен лақ бүйрегі және олардың аталық бездері жасушаларын дамылсыз өсуге бейімдеу нәтижелері // ҚазАТУ жаршысы. – 2018. — № 4.
Ұсынылатын қызметтер:
– жасушалардың бастапқы және дамылсыз өсетін өсіндерімен қамтамасыз ету;
– қоректік орталармен (Игла-МЕМ, ДМЕМ, ПСП, ПСС) және ерітінділермен (трипсин, версен, Хэнкс) қамтамасыз ету;
– жасушалардың бастапқы және қайта өндірілетін культураларын алу және ұзақ сақтау бойынша тренингтер өткізу;
– дің жасушаларын алу бойынша тренингтер өткізу;
– жасушалық культуралардың цитоморфологиялық және кариологиялық сипаттамасы бойынша оқыту.
Е-mail: ribsp@biosafety.kz
Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 130