Зертхана меңгерушісі Қошеметов Жұмағали Қауқарбайұлы
Биология ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері
Ауыл шаруашылығы жануарларының, құстардың және терісі бағалы аңдардың аса қауіпті вирустық және бактериялық инфекцияларын диагностикалау саласындағы ірі маман.
«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі.
Американдық микробиологтар қауымдастығының мүшесі.
2022-2024 жылдары Қырғыз ұлттық аграрлық университеті К.И. Скрябин атындағы диссертациялық кеңесінің (Д.06.14.489) мүшесі.
«Биологиялық қауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі.
Біліктілікті арттыру курстары:
-2004 жылы Араб Республикасы Египетте тағылымдамадан өтті.
-2007 жылы Израильдің Шфаим кибуцы, CINADCO халықаралық оқу орталығында оқыды.
-2014 жылы Ресей Федерациясы, Д.И. Ивановский атындағы вирусология ғылыми-зерттеу институтында біліктілікті арттырудан өтті.
Ғылыми жетістіктері:
– 370-тен астам ғылыми жарияланымның, 3 монографияның авторы.
– 45 өнертабыс патенті мен 36 диагностикалық препараттарды өндіру бойынша нормативтік-техникалық құжаттардың авторы.
Негізгі міндеттері:
– Ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен терісі бағалы аңдардың вирустық және бактериялық ауруларын зертханалық диагностикалаудың жаңа құралдарын әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру;
– Қауіпті жұқпалы аурулардың индикациялау әдістерін әзірлеу;
– Аса қауіпті жұқпалы ауруларды тиімді, жедел және заманауи балау әдістері мен тәсілдерін әзірлеу, талдау;
– Вирустық және бактериялық инфекциялардың даму тетіктерін вирусологиялық, микробиологиялық және молекулалық-биологиялық талдау әдістері арқылы зерттеу;
– Вирустық және бактериялық инфекцияларды балау.
Негізгі жетістіктері:
— А және О типті аусыл ауруын зертханалық тұрғыда балауға арналған тест жүйе [жинақ];
— Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит вирусын зертханалық тұрғыда балауға арналған тест-жүйе [жинақ];
— Қой катаральды қызбасын зертханалық тұрғыда балауға арналған тест жүйе [жинақ];
— Ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасын зертханалық тұрғыда балауға арналған тест-жүйе [жинақ];
— Иммуноферменттік әдіспен етқоректілердің обасын зертханалық тұрғыда балауға арналған тест-жүйе [жинақ];
— Диффузиялық преципитация реакция (ДПР) және комплементті байланыстыру реакциясы (КБР), полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) әдістерімен қой шешегінің қоздырғышын анықтауға арналған тест-жүйе [жинақ];
— Етқоректілер обасының зертханалық тұрғыда балауға арналған препараттар жиынтығы.
Негізгі жарияланымдары:
– Матвеева В.М., Кошеметов Ж.К., Хайруллин Б.М., Нурабаев С.Ш. ТҰМАУҒА ВАКЦИНАСЫНЫҢ жартылай фабрикаттардағы ОВАЛЬБУМИННІҢ САНЫН АНЫҚТАУ ҮШІН ИФА ӘЗІРЛЕУ.// Биотехнология. Теория және практика № 4 2011 Б. 95-98
– Нурабаев С.Ш., Кошеметов Ж.К., Матвеева В.М., Богданова М.И., Сугирбаева Г.Д., Нургазиев Р.З., Нурпейсова А.С.. ҰСАҚ КҮЙІС ҚАЙЫРАТЫН ЖАНУАРЛАР ВИРУСЫН БАЛАУ ҮШІН ИММУНОФЕРМЕНТІК ТАЛДАУ ӘДІСІН ДАЙЫНДАУ. //Кишоварз, №1, 2012 б.29-31
– Нурабаев С.Ш.. ҰСАҚ КҮЙІС ҚАЙЫРАТЫН МАЛДАРДЫҢ ОБАСЫН ПТР ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ ҮШІН ТӘНДІ ПРАЙМЕРЛЕРДІ СИНТЕЗДЕУ//Ізденістер.№2 2013 б.39-44
– Нурабаев С.Ш., Матвеева В.М., Кошеметов Ж.К., Нургазиев Р.З. ЖЫЛҚЫ ТҰМАУЫ ВИРУСЫНЫҢ ӨҢДЕЛГЕН ЖАСУША ӨСІНДІСІ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ ӨСУІН АНЫҚТАУ.//Қырғызстанның ғылымы, жаңа технологиялары және инновациялары №10, 2016 б.55-58
– Нурабаев С.Ш., Строчков В.М., Кошеметов Ж.К., Нургазиев Р. ЖЫЛҚЫ ТҰМАУЫ ВИРУСЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ТЕРУДІҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ӘДІСІ// Қырғызстан Жоғары оқу орындарының жаңалықтары.№1 2017 б.33-38
-Нурабаев С.Ш., Волгин Е.С., Оразалиев Д.М., Исмагамбетов Б.М., Кондибаева Ж.Б., Оразымбетова Н.К., Сапаргалиева Н.С., Закарья К.Д., Кошеметов Ж.К. АУСЫЛДЫҢ А ТҮРІН БАЛАМАЛАУ ҮШІН ИФТ ҚОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖАҒДАЙЫН ЖАСАУ.//КазҰУ хабаршысы. №1 2019 б.76-86
– Кошеметов Ж.К., Нурабаев С.Ш., Наханова Г.Д., Оразымбетова Н.К., Умуралиев Б.К., Кондибаева Ж.Б., Абдураимов Е.О., Закарья К.Д. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ЕШКІЛЕРДІҢ АУРУЫ ЖӘНЕ ӨЛУ СЕБЕБІ.// Ветеринариялық биологияның өзекті мәселелері. №15 б-15-22
Көрсететін қызметтері:
Қой шешегі, қойдың контагиозды эктимасы, күйіс қайырушы ұсақ жануарлар обасы, А және О типіндегі аусыл, ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті, Н1-Н7, Н13 антигендік формуласы бар А типті тұмау, құтыру, бруцеллез, пастереллез, етқоректілер обасы, ірі қара мал обасы, Ауески ауруының қоздырғыштарына антигендер мен антиденелерді анықтау үшін қанның биоматериалдары мен сарысуларын диагностикалық зерттеу.
Вирустық және бактериялық инфекцияларды зертханалық диагностикалаудың негізгі әдістерін, биоматериалдарды іріктеуді және т. б. оқыту.
Е-mail: ribsp@biosafety.kz
Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 128