КЕРІМБАЕВ АСЛАН АМАНГЕЛДІҰЛЫ
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры
«Халық алғысы» медалімен, 2020 ж., Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2019 ж. марапатталған.
Вирусология, диагностика, сонымен қатар қауіпті және аса қауіпті вирустық аурулардың спецификалық профилактикасы саласындағы жетекші маман.
Қауіпті және аса қауіпті індеттерге қарсы вакциналарды өндіруде үлкен тәжірибесі бар.
2007 және 2008 жылдары Бүкілресейлік жануарларды қорғау ғылыми-зерттеу институтында (Владимир қ., Ресей) және 2017 жылы құстар ауруларын зерттеу орталығында (Атланта, АҚШ) біліктілігін арттыру тағылымдамаларынан өткен.
70-тен астам ғылыми жарияланымның, 16 өнертабыс патентінің, профилактикалық және диагностикалық препараттарды өндіруге арналған 3 нормативтік-техникалық құжаттардың авторы.