Ғылыми зерттеу институтында Ғылым қоры желісі бойынша коммерцияландыру жөніндегі үш жоба орындалуда:
1 2017-2019 жылдарға арналған «Медициналық үй-жайларды, тамақ өндірістерін және тұрғын үй-жайларды санациялау үшін полифагтардың жаңа биопрепараттарын коммерцияландыру«, жетекшісі Б.А. Еспембетов
Жобаның мақсаты: медициналық үй-жайларды, тамақ өндірістерін және тұрғын үй-жайларды санациялау үшін полифагтардың жаңа биопрепараттарын енгізу.
«Полифаг» дезинфекциялық құралын өндіру және сату бойынша биотехнологиялық желі іске қосылды.
2 2018-2020 жылдарға арналған «Қазақстанда шошқалардың репродуктивті-респираторлық синдромының алдын алуға арналған вакцинаны тіркеу және енгізу», жетекшісі М. Мамбеталиев
Жобаның мақсаты: Қазақстанның шошқаның репродуктивті-респираторлық синдромы бойынша саулығын қамтамасыз ету мақсатында бивалентті инактивацияланған вакцина өндірісін ұйымдастыру және шығару.
Қазақстанда шошқаның репродуктивті-респираторлық синдромының алдын алу үшін «Шошқалардың репродуктивті-респираторлық синдромына қарсы бивалентті инактелнген вакцина» вакцинасын сынақтан өткізу жүргізілуде. Осы уақытта вакцина апробациялық сынақтардың күнтізбелік жоспарына сәйкес тексерудің бірінші кезеңінен өтті.
3 2018-2020 жылдарға арналған «Полимеразалық тізбектік реакция әдісімен А/Н5 тұмауын зертханалық балауға арналған тест-жүйелерді өндіріске енгізу«, жетекшісі К.Т. Султанкулова
Жобаның мақсаты: «полимеразалық тізбектік реакция әдісімен А/Н5 тұмауын зертханалық балауға арналған тест-жүйелерді» өндіріске енгізу.
«Полимеразалық тізбектік реакция әдісімен а Н5 және Н7 типшесіндегі тұмау вирусын айқындауға және дифференцияциялауға арналған тест-жүйе» нормативтік-техникалық құжаттамасының жиынтығы жасалып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне тіркеуге берілді.